0 дауыс
336 көрілді
СС мен ВВ кремдерінің айырмашылығы қандай? Қандай СС және ВВ кремдерін пайдаланған жақсы? Рақмет

3 жауап

0 дауыс
Өткен жылы көптеген beauty-маркалар BB және СС-кремдерінің нұсқаларын ұсынды. Олардың қандай айырмашылығы бар? BB аббревиатурасын Blemish Balm cream немесе Blemish Base cream (терінің кемшілігін жасыратын құрал) деп түсінуге болады. Басқалай нақты түсіндірмесі жоқ. CC қысқартылуының артында Color Control, немесе Color Correcting түсінігі жатыр, яғни түсті коррекциялау немесе бақылау деп түсініңіз.
ВВ-кремдер көптеген қасиеттерді бойына сіңірген. Олар теріні ылғалдандыруға, беті мен реңін тегістеуге, кемшіліктерді жасыруға, қабынуды емдеуге бейім. СС-құралдардың міндетіне реңін ретке келтірумен қатар, қызаруды, пигментті дақтар мен көз астындағы қараюды жасыру кіреді. Екі өкілдің де күннен қорғайтын факторы жоғары: теріні А және Б типтегі сәулелерден қорғайды. Мұндай сенімді тірекпен күннен қорғайтын қосымша құралдарды пайдаланбауға да болады. Текстурасы жағынан СС-кремдер әлдеқайда жеңіл. Оларды теріге жағу оңай, ВВ-кремдер қалың жағылады. Реңктерге келер болсақ, CC-кремдерде BB-кремдер сияқты 2-4 түс ұсынылған. Көптеген қыздар ылғалдандыру кезеңін елемей, BB-кремді таза теріге жағады. Әрине, BB-кремдер құрамындағы ылғалдандыратын және күтіп-баптайтын компоненттердің артықшылығы болғанымен, негізгі күтім жасайтын құралға жетпейді. СС-кремді макияж астына жағылатын негіз ретінде және әдеттегі тоналды креммен араластырып жағуға болады. Мұндай әдіс майлы және біріктірілген тері типтеріне жарайды. Егер тері құрғақ және жарылғыш болса, онда СС-кремді күндізгі ылғалдандырғыш құралмен араластырып жағуға болады.
0 дауыс
Немесе мына ссылка бойынша оқып қараңыз. Жақсы түсіндірілген екен. http://sululykalemi.blogspot.com/2014/06/blog-post_12.html
0 дауыс
Бетім таза және дақсыз болғандықтан маған ВВ крем жеткілікті. Lancaster Skin Therarpy SPF 30 BB кремін пайдаланам, ал подружкам бет терісі ақшыл болса да пигменттері бар, ол Supergoop Daily Correct SPF 40 СС кремін пайдаланады.
...