0 дауыс
4.6k көрілді
Сот шығындары дегеніміз не?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Сот шығындары мемлекеттік баж бен іс жүргізуге байланысты шығындардан тұрады. Мемлекеттік бажды төлеудің тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгіленеді (ҚР АІЖК-нің 100-бабы) Іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындарға:

1) куәгерлерге, сарапшыларға және мамандарға төленуге тиісті сомалар;

2) сол жерде қарау жүргізілуге байланысты шығындар;

3) заттай дәлелдемелерді сақтауға байланысты шығындар;

4) жауапкерді іздестіру жөніндегі шығындар;

5) іс бойынша жарияланымдар мен хабарландыруларға байланысты шығындар;

6) тараптарға хабарлау және оларды сотқа шақыру жөніндегі шығындар;

7) тараптар мен үшінші тұлғалардың жолақысы және олардың сотқа келуіне байланысты шеккен тұрғын жайды жалға алу жөніндегі шығындар;

8) өкілдердің көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығындар;

9) соттың шешімдерін, үкімдерін, ұйғарымдарын және қаулыларын орындауға байланысты шығындар;

10) сот қажет деп таныған өзге де шығындар жатады (ҚР АІЖК-нің 107-бабы).

0 дауыс

Сот шығындарының түрлері
Соттың қызметі  мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Осы шығындарының бір бөлігі заңмен бекітілген тәртіпте процеке қатысушылармен төленеді.
ҚР АІЖК  – нің 100 – бабына сәйкес  сот шығындары:
Мемлекеттік бажбен;
Іс жүргізуге байланысты шығындардан тұрады.
Әрқайсысын  жеке қарастырып көрейік.
Мемлекеттік баж  – уәкілдік берілген мемлекеттік  органдар немесе лауазымды адамдар  заңдық мәні бар іс- қимылдар жасағаны не құжаттар бергені үшін алатын міндетті төлем, яғни сотпен (судьямен) азаматтық істер қарап шешкені үшін мемлкет кірісіне төленетін ақша төлемі.
Мемлкеттік  баж сотқа берілетін талап  арыздардан,ерекше жүргізілетін  істер жөніндегі арыздардан (шағымдардан), апелляциялық шағымдардан, атқару  парағының дубликатын беру туралы сұрағы бойынша сот ұйғарымына жекек шағымдардан, сот бұйрығын беру туралы арыздан, сондай – ақ  сот пен аралық соттардың, шетелдік соттардың және төреліктердің шешімдері бойынша атқару парақтарын, құжаттар көшірмелерін (дубликаттарын) бергені үшін алынады.
Мемлекеттік  баждың белгіленген проценттік  ставкалары, егер өззге Салық  кодексімен белгіленбесе, ҚР –  сы заңды актісімен мемлекеттік баж төленетін күні белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен есептеледі (Салық кодексі 495 – бабының 2 –бөлігі).
Мемлекеттік баждың  екі түрі бар:
Талап қою бағасынан пайыздық ставкалары бойынша есептелетін мемлекеттік баж;
Төленген күні республикада белгіленген есептік көрсеткіш мөлшеріне негізделп есептелетін мемлекеттік баж.
Соттардағы  мемлекеттік баж ставкалары мынадай мөлшерде алынады (ҚР Салық кодексінің 496 – бабының 1- бөлігі):
мүліктік сипаттағы талап арыздардан:
жеке тұлғалар үшін – талап сомасының – 1пайызы;
заңды тұлғалар үшін – талап сомасының 3 пайызы;
мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының заңды тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтіретін заңсыз іс – әрекеттеріне берілген шағымдардан – 30 пайыз;
мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының заңды тұлағалардың құқықтарына нұқсан келтіретін заңсыз іс – әрекеттеріне берілген шағымдардан – 500 пайыз;
салық тексеру актілері бойынша ескертулерге дау айту туралы талап арыздардан:
жеке кәсіпкерлер және шаруа (ферма) қожалықтары үшін ескертулерде белгіленіп есептелген салықтар мен басқа да бюджетке міндетті төлемдер сомасынан (айыптарды қосқанда) 0,1 пайыз;
некені бұзу туралы талап арыздардан  - 30 пайыз; некен і бұзу кезінде мүлікті бөлген жағдайда баж осы баптың 1) тармақшасына сәйкес талап бағасына қарай белгіленеді;
хабар – ошарсыз кеткен немесе ақылынан ауысуы немесе ақыл – есінің кемдігі салдарынан әрекет қабілеті жоқ деп белгіленген тәртіппен танылған адамдармен, не үш жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен некені бұзу кезінде бөлу туралы талап арыздардан осы баптың 1) тармақшасына сәйкес;
тұрғын үй – жайларды жалдау шартын өзгерту немесе бұзу туралы, мұраны қабылдау мерзімін ұзарту туралы, мүлікті пайдалануға тыйым салудан босату туралы талап арыздардан және мүліктік емес сипаттағы немесе бағалауға жатпайтын басқа да талап арыздардан – 50 пайыз;
ерекше жүргізілетін істер жөніндегі арыздардан (шағымдардан) - 50 пайыз;
8-1) аралық соттар шешімі, төрелік шешімдердің күшін жою туралы өтініштерден:
Жеке тұлғалар  үшін – талап сомасының –  1пайызы;
Заңды тұлғалар  үшін – талап сомасының – 3пайызы;
соттың шешіміне апеляциялық шағымдардан мүліктік емес сипаттағы талап арыз берілген кезде алынатын мемлекеттік баж мөлшерінің, ал мүліктік сипаттағы даулар бойынша – арыз беруші дауласып отырған сома негізге алынып есептелген мемлекеттік баж мөлшерінің – 50 пайызы;
9-1) сот бұйрығын шығару туралы арыздардан – осы баптың 1) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік баж ставакасының 50 апйызы;
9-2) атқару парағының  дубликатын беру туралы мәчеле  бойынша сот ұйғарымына жеке  шағымнан, сондай – ақ аралық соттар, шетелдік соттар және төреліктер шешімдері бойынша атқару парақтарын беру үшін – 500 пайыз;
сот шешімдерінің, үкімдерінің , ұйғарымдарының,соттың басқа да қаулыраның көшірмелерін (дубликаттарын), сондай – ақ іске қатысушы тараптар мен басқа да адамдардың өтініші бойынша соттар беретін іске қатысты басқа да құжаттардың көшірмелерін қайталап беру үшін әрбір құжат үшін 10 пайыз және бұған қоса, әзірленген әр бет үшін 3 пайыз;
заңды тұлғаларды банкрот деп тану туралы арыздардан – 500 пайыз;
Бір мезгілде мүліктік және мүліктік емес сипаттағы талаптар қойылған талап арыздар үшін мүліктік сипаттағы талап арыздарға белгіленген мемлекеттік баж қатар алынады.
Талап қоюдың  бағасын талап қоюшы көрсетеді (ҚР АІЖК 102 – бабы). Көрсетілген бағаның талабын мүліктің шын мәнідегі бағасына анық сәйкес келмеген жағдайда талап қою бағасын талап арызын қабылдау кезінде судья айқындайды.
Талап қою  кезінде оның бағасын анықтау  қиын болған жағдайда мемлекеттік  баж мөлшерін сот ісіті шешу  кезінде анықталған талап қою бағасына сәйкес келетін бажды кейіннен қосымша өндіріп алу арқылы судья алдын ала белгілейді.Істі қарау кезінде талап қою мөлшері ұлғайған жағдайда, баждың жетіспейтін сомасын талап қоюшы талаптың көбейген бағасына сәйкес қосымша төлейді.
Соттарда  мемлекеттік баж төлеуден мыналар  босатылады. (ҚР Салық кодексінің 501 – бабы);
-  талап қоюшылар – еңбекке ақы төлеу сомасын өндіріп алу туралы талартар және еңбек қызметіне байланысты басқа да талаптар бойынша;
- талап қоюшылар – авторлық құқықтан, сондай – ақ жаңалық ашу, өнертабыс, рационализаторлық ұсыныс және өнеркәсіптік үлгілкр құқығынан туындайтын талаптар бойынша;
- талап қоюшылар – алимент өндіріп алу туралы талаптар бойыша;
- талап қоюшылар асыраушысының менгеруіне немесе денсаулығының өзге де зақымдануына, сондай – ақ қайтыс болуына байланысты зияның орнын толтыру туралы талаптар бойынша;
- жеке тұлғалар – некені бұзу туралы істер жөніндегі апелляциялық шағымдардан;
- іске қатысы жоқ адамдардан басқа заңды және жеке тұлғалар – қылмыстық істерге және алимент жөніндегі істерге байланысты өздеріне құжаттар бергені үшін;
- талап қоюшылар – ҚР – ның табиғат қорғау заңдарының бұзылуы арқылы мемлекеттке келтірілген нұқсанның орнын толтыру үшін мемлекет кірісіне қаражат өндіріп алу талаптар бойынша;
- жалпы орта білім беру жүйесінің кәсіптік-техникалық мектептері – оқу орындарын өз бетімен тастап кеткен немесе олардан шығарылған оқушылардың қажетіне жұмсауға мемлекет шеккен шығындарды өндіріп алу туралы талаптар бойынша;
- жеке тұлғалар – қылмыс жасау арқылы келтірілген материалдық нұқсанды өндіріп алудың дұрыстығына дау жасалатын қылмыстық істер бойынша апелляциялық шағымдардан;
- заңдарда көзделген жағдайларда басқа адамдардың немесе мемлекеттің құқықтары мен заң арқылы қорғалатын мүдделерін қорғап сотқа арызданған заңды және жеке тұлғалар;
- талапкер – Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген адамдар, І және ІІ топтағы мүгедектер – барлық істер құжаттар бойынша;
- заңды және жеке тұлғалар – сотқа іс жүргізуді тоқтату немесе арыздарды қарамай тастау туралы сот ұйғарымының күшін жою жөнінде; шешімнің орындалуын кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту жөнінде; шешімді орындау әдісі мен тәртібін өзгерту жөнінде; талаптарды қамтамасыз ету немесе қамтамасыз етудің бір түрін екіншісімен ауыстыру жөнінде арыздар; жаңадан анықталған мән - жайлар бойынша сот ешімдерін, ұйғарымдарын немесе қаулыларын қайта қарау туралы арыздар; сот шешімімен салынған айыппұлдарды ұлғайту немесе азайту туралы, сот ұйғарымының орындалу барысы туралы, өткізіліп алынған мерзімдерді қалпына келтіру туралы арыздар; сондай – ақ сот орындаушыларының әрекеттеріне шағымдар, айыппұлдарды ұлғайтудан немесе азайтудан бас тартқандық туралы сот ұйғарымдарына берілген жеке шағымдар; сот ұйғарымдарына берілген бачқа да жеке шағымдар; әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жөніндегі қаулыға шағымдар; сырттай шешімдер күшін жою туралы арыздар бергені үшін;
- прокуратура  органдары – барлық талаптар  бойынша;
- мемлекеттік  мекемелер – үшінші бір тұлғалардың  мүдделерін қорғайтын жағдайларды  қоспағанда, мәселелер бойынша өз құзыретіне жататын талап – арыздар берген кезде;
-мүгедектердің  қоғамдық ұйымдары –  өз  құзыретіне жататын талаптар  қойған жағдайда;
- сақтанушылар  мен сақтандырушылар – міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын талаптар бойынша;
- талапкер  мен жауапкер – заңсыз соттау, қылмыстық жауапқа заңсыз тарту, бұлтартпау шарасы ретінде заңсыз қамауғңа алу не тұтқындау немесе еңбекпен түзеу жұмыстары түрінде заңсыз әкімшілік шаралар қолдану арқылы азаматқа келтірілген нұқсанның орнын толтыруға байланысты даулар бойынша;
- ҚР Ұлттық  Банкі, оның филиалдары мен өкілеттіктері – өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша талаптар қойған жағдайда;
- ҚР бюджеттік  заңнамасы бойынша бюджеттік  несиелер, сондай – ақ мемлекеттік  және мемлекетпен кепіәлдік еткен  заемдар қайтару бойынша сотқа  талаппен жүгінген агент;
- Талап қоюшы – репатрианттар (оралмандар) – ҚР азаматтығын алумен байланысты барлық істер және құжаттар бойынша;
- Қаржы нарығын  және қаржы ұйымдарды реттеу  мен қадағалау бойынша өкілетті  мемлекеттік орган – оның өкілеттігіне  жататын сұрақтар бойынша талаптар қойғанда;
- Мәжбүрлеп  таратылатын қаржы ұйымдардың  таратушы комиссиялары – қарыздарды  өндіріп алу туралы және таратылатын  борышкер қаржы ұйымдарды дәрменсіз (банкрот) деп тану туралы талаптар бойынша;
- Конкурсты  басқарушы – Қазақстан Республикасы банкроттық туралы заңнамасына сәйкес өзінің өаілеттігі шегінде конкурстық өндіріс мүддесіне талап қойғанда.
Мемлекеттік  баж төлемді қабылдап алған  банктің (оның филиалының) орналасқан  жері бойынша жергілікті бюджеттің  кірісіне есептеледі.Төлемді қабылдап алған банк квитанция (түбіртек) береді, оны іс материалдарына біріктіріленеді (талап арыз не арыздың қосымша тіркелетін құжаттар тізімінде көрсетілуі тиіс).
Мына жағдайларда  төленген мемлекеттік  баж ішінара немесе  толық қайтарылуға  тиіс (ҚР Салық  кодексі 508 – бабының 1 – бөлігі)   
Салық кодексінде көрсетілгеннен баж көп мөлшерде төленсе, бірақ талап қоюшымен өзө талаптарын азайтуын ескериегенде,
Арызды (шағымды) қайтару немесе  оны қабылдаудан бас тартқанда, сондай – ақ нотариустардың немесе өкілетті тұлғалардың нотариаттық әрекеттер жасаудан бас тартқанда;
Егер іс сотта қаралуға жатпайтын болса, сондай – ақ талапкер дауды алдын ала шешудің осы санаттағы істер үшін белгіленген тәртібін сақтамаса, не талапты төлеу қабілеті жоқ адам қойса, іс жүргізу тоқтатылған немесе талап қаралмай тасталған;
Мемлекеттік баж төлеген адамдар заңдық мәні бар іс – қимыл жасаудан немесе осындай заңдық мәні бар іс – қимыл жасайтын органға өтініш жасалғанға дейін құжат алудан бас тартқан;
Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгіленген өзге де жағдайларда.
Мемлекеттік баж  төлеген адам салық органынаоны  қайтару туралы арызды бюджетке мемлекеттік  баж төленген күннен бастап бір жыл ішінде бере алады.Төленген бажды қайтарып алу үшін арызбен қоса соттың мемлекеттік бажды қайтару туралы ұйғарымы болуы тиіс. Салық органының шешімі азаматтар немесе заңды тұлғалар арыз берген кезден бастап бір айдан кешіктірмей қабылданады. Қайтарылуға тиісті мемлекеттік баж азаматтқа немесе заңды тұлғаға оны қайтару туралы шешім қабылданған күннен бастап 10 күн ішінде берілуге тиіс.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
3 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
...