0 дауыс
4.9k көрілді
Сот бұйрығы дегеніміз не?

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

ҚР АК-нің 139-бабына сәйкес

1. Сот бұйрығы өндiрiп алушының ақшалай сомаларды өндiрiп алу немесе мүлiктi борышкердi немесе өндiрiп алушыны олардың түсiндiрмелерiн тыңдау үшiн шақырмай-ақ және сотта iс қарамай-ақ, даусыз талаптар бойынша борышкерден талап ету туралы арызы бойынша шығарылған судьяның актiсi болып табылады.

      2. Сот бұйрығының мазмұны осы Кодекстiң 146-бабымен белгiленедi.
      3. Сот бұйрығының атқарушылық құжат күшi болады. Ол бойынша өндiрiп алу бұйрық берiлгеннен кейiн және сот шешiмдерiн атқару үшiн белгiленген тәртiпте жүргiзiледi.

      Сот бұйрығы:

      1) егер талап нотариатта куәландырылған мәмiлеге негiзделсе;
      2) егер талап жазбаша мәмiлеге негiзделсе және оны жауапкер таныса;
      3) егер талап төленбеген вексельге, акцептiң болмауына және нотариус жасаған акцептiң күнi белгiленбеуiне бiлдiрiлген наразылыққа негiзделсе;
      4) егер әкелiктiң белгiленуiне немесе үшiншi тұлғаларды тарту қажеттiгiне қатысы жоқ, кәмелетке толмаған балалар үшiн алименттердi өндiрiп алу туралы талап мәлiмделген болса;
      5) егер азаматтардан және заңды тұлғалардан салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдер бойынша бересiнi өндiрiп алу туралы талап мәлiмделген болса;
      6) егер қызметкерге аударылған, бiрақ төленбеген жалақы мен өзге де төлемдердi өндiрiп алу туралы талап мәлiмделген болса;
      7) егер жауапкердi немесе борышкердi iздестiру жөнiндегi шығындарды өндiрiп алу туралы талаптарды iшкi iстер органдары немесе қаржы полициясы мәлiмдеген болса;
      7-1) егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес лизинг нысанасын даусыз талап ету туралы талап мәлiмделген болса

10) егер кепiл берушi-борышкерге кепiлге салынған затынан өндiрiп алу туралы ломбардтың талабы мәлiмдеген болса, шығарылады.

0 дауыс

Сот бұйрығы өндіріп алушының ақшалай сомаларды өндіріп алу немесе борышкерді және өндіріп алушыны олардың түсіндірмелерін тыңдау үшін шақырмай-ақ және сотта істі қарамай-ақ, даусыз талаптар бойынша борышкерден мүлікті талап ету туралы арызы бойынша шығарылған судьяның актісі болып табылады. Сот бұйрығының мазмұны ҚР АІЖК-нің 146-бабымен белгіленеді. Сот бұйрығының атқарушылық құжат күші болады. Ол бойынша өндіріп алу бұйрық берілгеннен кейін және сот шешімдерін атқару үшін белгіленген тәртіпте жүргізіледі (ҚР АІЖК-нің 139-бабы).

0 дауыс
Сот бұйрығы азаматтық іс жүргізу барысында беріледі, брақ оңайлатылған нысанда. Бұйрық берген шешімнің субьективтік құрамында да айырмашылық бар, мұнда тараптар ретінде талап қою бойынша і  жүргізуде сияқты талап қоюшымен жауапкер қатыспайды, ал сотқа жүгінген өндіріп алушымен борышкер- өндіріп алушының талабы бойынша жауап беретін тұлға қатысады. сот бұйрығы заңмен белгіленген мүліктік  сипаттағы ақшалай сомаларды немесе жылжымалы мүлкті талаптар бойынша беріледі. қалған барлығы - мүліктік емес сипаттағы және жылжымайтын мүлікті өндіріп алу - бұл ережелерге сәйкес келмейді.

 Сот бұйрығының сот шешімінен айырмашылығы бар, сот шешімін сот кез келген азаматтық іске шығара алады, онда талапкердің немесе жауапкердің талап қою арызы бойынша  соттың биліктік пікірі баяндалуы мүмкін . бұйрық арқылы іс  жүргізуде  сот талап қоюдың белгілі бір билігін ғана шешеді, заңда көрсетілмеген талаптар бойынша сот билігі берілмейді.
...