0 дауыс
1.8k көрілді
Сот қандай жағдайларда сырттай шешім шығарылады?

2 жауап

0 дауыс

Отырыстың өткізілетін орны мен уақыты тиісті түрде хабарланған, келмей қалуының дәлелді себептерін хабарламаған және істі өзі жоқта қарауды сұрамаған жауапкер сот отырысына келмей қалған жағдайда, іс бойынша сырттай шешім шығарылуы мүмкін. Сот істің қаралуы туралы ұйғарым шығарады (ҚР АІЖК-нің
24-тарауы)

0 дауыс

Соттың сырттай шешімі —  бұл істің сырттай қаралуы нәтижесінде сот шығаратын  құжат. Іс мынадай жағдайларда сырттай қаралады, егер де    жауапкер отырыстың болатын уақыты және орны туралы тиісті рет бойынша хабарланып, бірақ сот отырысына келмеді, не жауапкер келмеу себебін хабарламады және оның қатысуысыз істі қарастыруды сұрамады, немесе қуынушы істің сырттай қаралуына қарсы емес.

Істі сырттай қараған жағдайда сот істе қатысатын тұлғалар ұсынған дәлелдерді зерттеп, олардың дәлелдерін есепке алып шешім шығарады, ол сырттай шешім деп аталады. Шешім қабылданған күннен бастап бес күн ішінде жауапкермен қуынушыға сырттай қабылданған шешімнің көшірмесін беру туралы хабарламамен қолма-қол береді.

...