ҚР АК-нің 139-бабына сәйкес
1. Сот бұйрығы өндiрiп алушының ақшалай сомаларды өндiрiп алу немесе мүлiктi борышкердi немесе өндiрiп алушыны олардың түсiндiрмелерiн тыңдау үшiн шақырмай-ақ және сотта iс қарамай-ақ, даусыз талаптар бойынша борышкерден талап ету туралы арызы бойынша шығарылған судьяның актiсi болып табылады.
2. Сот бұйрығының мазмұны осы Кодекстiң 146-бабымен белгiленедi.
3. Сот бұйрығының атқарушылық құжат күшi болады. Ол бойынша өндiрiп алу бұйрық берiлгеннен кейiн және сот шешiмдерiн атқару үшiн белгiленген тәртiпте жүргiзiледi.
Сот бұйрығы:
1) егер талап нотариатта куәландырылған мәмiлеге негiзделсе;
2) егер талап жазбаша мәмiлеге негiзделсе және оны жауапкер таныса;
3) егер талап төленбеген вексельге, акцептiң болмауына және нотариус жасаған акцептiң күнi белгiленбеуiне бiлдiрiлген наразылыққа негiзделсе;
4) егер әкелiктiң белгiленуiне немесе үшiншi тұлғаларды тарту қажеттiгiне қатысы жоқ, кәмелетке толмаған балалар үшiн алименттердi өндiрiп алу туралы талап мәлiмделген болса;
5) егер азаматтардан және заңды тұлғалардан салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдер бойынша бересiнi өндiрiп алу туралы талап мәлiмделген болса;
6) егер қызметкерге аударылған, бiрақ төленбеген жалақы мен өзге де төлемдердi өндiрiп алу туралы талап мәлiмделген болса;
7) егер жауапкердi немесе борышкердi iздестiру жөнiндегi шығындарды өндiрiп алу туралы талаптарды iшкi iстер органдары немесе қаржы полициясы мәлiмдеген болса;
7-1) егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес лизинг нысанасын даусыз талап ету туралы талап мәлiмделген болса
10) егер кепiл берушi-борышкерге кепiлге салынған затынан өндiрiп алу туралы ломбардтың талабы мәлiмдеген болса, шығарылады.