0 дауыс
578 көрілді

Менің құрбымның ұялы телефонына бір қыз неше түрлі боқауыз сөз жазып (жазбаған сөзі жоқ), өлтіремін, артыңа адам саламын, ұрып кетеміз деп хабарлама жазып жүр. Кім екені белгісіз. Хабарламасы әлі сақтаулы. Мұндай жағдайда, яғни адам құқығын таптайтын қорлау сөздер айтып, өлтіремін деп қорқытқаны үшін қандай шара қолданса болады? Және де ол номердің қайдан қоңырау шалып, хабарлама жазғанын қалай анықтаса болады?

Айсана М

1 жауап

0 дауыс
Өлтiремiн деп немесе денсаулыққа ауыр зиян келтiремiн деп, сол сияқты адамның жеке басына өзге ауыр күш көрсетемін не мүлiктi өртеп құртамын деп, жарылыс жасап немесе өзге жалпы қауiптi тәсiлмен қорқыту, бұл қорқытудың iске асатындығына қауiптенудiң жеткiлiктi негiздерiнiң бар екендiгi кезiнде Қылмыстық Кодекстің 112-бап бойынша Қылмыстық жауапкершілік көзделген - айлық есептiк көрсеткiштің бір жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.Ал жеке адамның мәліметтері құпия болғандықтан нөмірді анықтау Оператормен (Актив, Билайн т.б.) тек Ішкі істер органдарына арыз жазу негізінде ғана жүргізіледі.
...