0 дауыс
9.6k көрілді

Диплом алғаннан кейін мамандық бойынша жұмыс жасамасаңыз ол 3 жылдан кейін жарамсыз боп қалады деседі, яғни басқа салаларда қызмет етіп, көп жыл өткен соң ол дипломмен жұмысқа орналаса алмайсыз. Сол қаншалықты рас және бұл туралы қандай заңда айтылған?

Нұршат Әлімқызы

Сіз неге адамдардың атын жазып қойғансыз. Сілтеме жасап.

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі N 319 Заңының 39 бабына сай жалпы қандай да болмасын оқу орны, я лицензиясы бар, мемлекеттік аттестаттаудан өткен және негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қорытынды аттестаттаудан өткен азаматтарға білім туралы жалпыға бірдей мемлекеттік үлгідегі құжаттар береді. Алайда оның әрекет ету мерзімі шектелмеген. Ондай жаңсақ пікірдің шығу себебі әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан еш алаң болмаңыз
0 дауыс
Негізі алған дипломмен жұмыс жасалуы тиіс. Заң жағын білмеймін. Егер сол дипломмен жұмыс жасалмаса 3 не 5 жыл ішінде ол диплом жарамайды
Сіздің айтып отырғаныңыз өтірік. Диплом - құжат. Мамандық алғанды растайтын құжат. Мысалы, мектеп аттестаты қанша жыл өтсе де жарамды. Себебі ол мектепте білім алғанды білдіретін құжат. Қызметте тек категория алып, деңгей өсіру үшін курстар оқу құпталады.
...