XVII ғасырға дейiн желкеннiң де, ескекшiлердiң де күшi пайдаланылатын кемелер кеңiнен танымал болды. Алайда көп өтпестен мұндай шешiмнiң тиiмсiздiгi анық болды, себебi әскери бiрлiк ретiнде кеменiң қуаты айтарлықтай төмендейтiн. Батыстың пираттары қай заманда да желкендерiн гербтермен, символдық суреттермен безендiретiндерi соншалықты, олары желкеннен гөрi алып тулар сияқты қабылданатын. Сонымен:
1. Галеон- XVI ғасырда пайда болған желкендi кемелердiң ең жетiлген түрi. Ол туралы бiрiншi дерек 1535 жылға жатады. Мұнан кейiнгi уақытта галеон испандықтар мен ағылшын флоттарының негiзiне айналды. Конструктивтiк элементтерi ортақ бола тұра әртүрлi елдердiң галеондарының бiр-бiрiнен айырмашылықтары да болды.
2. Пентерлер (б. з. б. II ғ.)- ескектi- желкендi iрi әскери кеме, ұзындығы шамамен 45 метрдей, бес қатар ескектерi және екi-үш мачтасы болды, мачталарға садақпен қаруланған жауынгерлер жайғасатын ұрыс алаңшалары орналастырылды. Жүзу кезiнде ескектер де, желкендер де пайдаланылатын. Пентерлердi карфагендiктер ойлап тапқан.
3. Орыс ұрыс ладьясы 40 және одан да көп адам сыйып кететiн айтарлықтай үлкен кеме болып табылады. Орыс ладьясының бiр бүйiрiнен қарағанда варяг драккарының сұлбасы байқалады. Сыйымдылығын арттыру мақсатында тұтас ағаштан ойылған корпустың екi бүйiрiне тақтайдан борттар жалғанатын. Ладьяны бай өрнектермен безендiрiлген, кенептен жасалған үлкен желкен алға қарай жүздiретiн болған. Ескекшiлер күн көзiнен бастырма астында қорғанатын.
4. Этрустардың кемелерi (б.з. б. IV ғ.). Бұл кемелердiң сыртқы көрiнiстерi Италияның орталық бөлiгiндегi ежелгi заман жерлеу орындарындағы зират басындағы тас ескерткiштердегi суреттерге қарап қалпына келтiрiлген және олар анағұрлым кейiнгi кездердегi финикийлiктердiң кемелерiн еске салады. Кеме ескектерi сыртқа бүйiрлердегi тесiктер арқылы шығарылатын, бұл ескекшiлердiң төмен отыруын және олардың кеменiң биiк борттарымен қорғалатынын қамтамасыз ететiн. Осылайша жүзу қауiпсiздiгi де арта түсетiн.
5. Антикалық триера - грек әскери кемесi (б.з.б V ғ.), оның әрбiр бортында үш қатар ескек орнатылған. Триера корпусының ұзындығы 34-40 м, ватерлина бойынша енi шамамен 4,6 метр. Римдiктер триераны трирем деп атаған. Триераның қосымша екi мачталы желкендi жарақтары болды, олар ұрыс алдында жиналып алынатын. Орнықтылығы өте нашар болғандықтан триералар ашық теңiзге шыға алмайтын, сөйтiп ауа-райы жақсы кезде ғана жағаға жақын маңда жүзуге арналды.
6. Флейт- Голландияда XVI ғасырдың соңына қарай жасалған желкендi кеменiң бiр түрi. Желкендiк жақсы қасиеттерге, теңiзде жүзгiштiк пен айтарлықтай жылдамдыққа ие флейттер қысқа уақыт iшiнде сенiмдi кеме деген атаққа жеттi. XVI ғасырдың бас кезiндегi флейттердiң ұзындығы 40метр, енi шамамен 6,5 метр болды. Өзiндiк қорғаныс үшiн оларға 10-20 зеңбiрек орнатты. Экипаж 60-65 адамнан тұрды.
7. Драккар ( VIII-X ғғ.)- палубасыз, ұзындығы 40 метрге дейiн, енi шамамен алты метрдей, алаңы 70 шаршы метрге тең тiк бұрышты желкенi бар, биiктiгi 12 метрлiк алмалы-салмалы мачта орнатылған ескектi-желкендi кеме. Ұзындығы 5,5 метрлiк 34 жұп ескек фальшборттағы тесiктерден сыртқа шығарылған. Кеме көлденең қысқа румпелi бар, оң жақ бортқа орнатылған бiр рульдiк ескекпен басқарылады.