+1 дауыс
Қазақта бəле деген сөз бар ма тілдік қорда? Кішкентай кезімізде Бəле саған, өзіңе де сол керек. Бəлеңе алдың ба? Бəле жаппашы. деп айтатын едік. Бəле сөзінің мағынасы қалай?
15.08.2014 10.8k қаралым

7 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
"Бәле" сөзі көбінесе кішкентай балалардың арасында, ата-анамыз, үлкендер кішкентайларға ұрысқанда айтылады, қысқаша айтқанда тұрмыста қолданылатын, жаргон сөз, сөздік мағынасы - жаман сөздердің орнына қолданылады, мысалы "бәле болдың басыма" бұл жерде проблема, мәселе т.с.с. орнына қолданған. Ал "пәле" сөзі әдеби кітаптарда көп кездеседі, бұл сөзді тұрмыста көп қолданбайды немесе мүлде қолданбайды.
15.08.2014
Негізі екеуі бір сөз, "пәле" сөзі айтылуында "бәле" деп естіледі
+1 дауыс
Пәле деген сөз бар, мағынасы қайғы, қасірет дегенге келеді
15.08.2014
дұрыс айтасын Пәле деген сөз бар оның мағынасы  мынау маған пәле болды ғой
0 дауыс
Бәле ол бәле)) Яғни мағыгасы жаман!!
15.08.2014
0 дауыс
Бәле емес Пәле деген сөз шығар негізінен оңтүстіктің адамдары айтады го
15.08.2014
Бәле деп те айтылады
0 дауыс
Бәле пәле мағынасы жәмән)
17.08.2014
0 дауыс
Жоғарыдағы жауаптарға келісемін, бірақ негізі ол Реал Мадридте ойнайтын футболшы ғо...
17.08.2014
0 дауыс
http://lugat.kz/ сөздігі бойынша

 

БӘЛЕ
1) Пәле-жала, шатақ. БӘЛЕнiң бip ұшы өзiнде жатыp.
2) Қыpсық, кесел, кесапат. Оның БӘЛЕсi маған тидi.
3) Етi тipi, пысық, бәлекет. Мына бала БӘЛЕ екен.
4) Ауыс. Қоpқынышты бейне, құбыжық. Қаpа құpымдай қаптаған бәленi құpту кеpек (Мұpтазаев).
07.09.2014
127,958Сұрақ
322,879Жауап
153,169Пікір
72,987Қолданушы