+1 дауыс
3.8k көрілді
Басым жиі ауырады. Осы басқа өзгенің көмегінсіз массаж жасауға болады ма? Және бас ауырғанды басатын, сергітетін кремдер, бальзамдар туралы кім біледі?

3 жауап

0 дауыс

Бас ауырғанда аспирин не парацетамол ішемін. Болмаса қою шай не қою кофе ішемін.

0 дауыс

Массаж жасау курсын алғанмын, мұғалімімнің айтуынша, "Массаждың нәтижелі болуы, 1 - тәсіл, 2-жайландырғыш зат". Осы принциптар бойынша сізге кеңес бергім келеді.

1 - Тәсіл:

Саусақты самайға койыңыз. Көзіңізді жұмыңыз. Самайда саусақпен жеңіл шеңбер қимыл жасаңыз. Көз айналасы терісін абайлап жеңіл массаж жасаңыз.

Екі саусақты кеңсірікке қойыңыз. Саусақтарды мұрын жақтауынан төмен қарай қозғалтыңыз.

Сонан соң, шеңбер қимылды жалғастырыңыз. Құлақ ұшын майыстырып, аздап ширатыңыз.

Мойынды абайлап сипалаңыз.

2 - Жайландырғыш зат

Сульвасу массаж кремі

Журлик сабырландырғыш майы

Элемис массаж-антистресс.

Немесе советтік кезеңнен қалған ата-анамыз пайдаланған "звездочка" бальзамын пайдалануға да болады. Ескерту: оның иісі өте өткір, сезімтал адамдардың басын одан да қатты ауыртуы мүмкін. Жоғарыда көрсетілген жайлағыш заттарды он-лайн магазиндерден алуға болады. Соның бірі - строуберринет (strawberrynet.com)

 

0 дауыс
Сіздерге көп рақмет. Жанар көрсеткен массажға ұқсас өзім де жасаймын. Бірақ жайландырғыш заттарды пайдалану керек екенін білмеппін. Звездочканың иісі жаман. Ол басты қатты ауыртады.

Ал мына май мен Журлик анти-стресті іздеп көрейін.

Маған кофеин ішуге болмайды. Сонда да кеңесіңіз үшін рақмет.
...