0 дауыс
279 көрілді
УЕФА Суперкубогы 2014 қай футбол командасы жеңеді?

2 жауап

0 дауыс
Оны да бір Алла біледі. Болжау мүмкін емесқой
0 дауыс
Ойын болып қойды: «Реал» УЕФА Суперкубогын жеңіп алды Мадридтік «Реал» Уэльс астанасы Кардиффте өткен «Севильяға» қарсы кездесуде жеңіске жетіп, өз тарихында УЕФА Суперкубогын екінші рет жеңіп алды. Ойындағы екі голды да клубтың португалиялық сұрмергені Криштиану Роналду өз еншісіне жазды. «Корольдік клуб» УЕФА Суперкубогын ең алғаш рет 2002 жылы Нидерландының «Фейеноорд» командасын жеңіп бағындырған болатын. Ал әлемнің үздік ойыншыларының бірі Криштиану Роналду болса өзінің спорттық мансабында бұл жүлдені алғаш рет жеңіп алды. Алғашқы минуттардан-ақ мадридтік клубтың жоғарғы қарқыны байқалды. Жаңа ойыншыларын алаңға шығарған Карло Анчелотти ойынның бар жүйесін шабуыл шебіне сеніп тапсырды. 30 минутта Гарет Бэйлдың тамаша пасынан кейін Роналду есеп ашты. Оған дейін де португалиялық ойыншы да мүмкіндіктер болған. Екінші таймның басталғанына 5 минут өте Роналду дубль авторы атанды. Оның жойқын соққысына «Севилья» қақпашысы тосқауыл бола алмады. Нәтижесінде бұл шабуылшы Чемпиондар лигасындағы 70-ші голын соғып, Филиппо Индзагиді қуып жетті. Ал бұл санаттағы үздік сұрмергендер көшін «Реалдың» бұрынғы әйгілі футболшысы Рауль(77 гол) бастап тұр. Ойын алдындағы "Кардифф Сити Стэдиум" "Севильяның" үздік ойыншыларының бірі - Денис Суарес Роналдуды құттықтаудағы кезек Хави Алонсо алаңға жүгіріп шықпады... Касильяс кубокты көтерген сәт Сэр Алекс Фергюсон құрметті қонақ болып келді Бэйл бала күнгі арманына жетті Бүгінгінің бір суреттегі ең қымбат ойыншылары Роналду финалдың үздік ойыншысы болып танылды. Ақпарат: http://massaget.kz/sport/zhanalyktar/20665
...