УЕФА Суперкубогы 2014 қай футбол командасы жеңеді?

0 дауыс
447 қаралым
УЕФА Суперкубогы 2014 қай футбол командасы жеңеді?
• Санаты: Жалпы спорт | 447 қаралым

2 жауап

0 дауыс
Оны да бір Алла біледі. Болжау мүмкін емесқой
0 дауыс
Ойын болып қойды: «Реал» УЕФА Суперкубогын жеңіп алды image Мадридтік «Реал» Уэльс астанасы Кардиффте өткен «Севильяға» қарсы кездесуде жеңіске жетіп, өз тарихында УЕФА Суперкубогын екінші рет жеңіп алды. Ойындағы екі голды да клубтың португалиялық сұрмергені Криштиану Роналду өз еншісіне жазды. «Корольдік клуб» УЕФА Суперкубогын ең алғаш рет 2002 жылы Нидерландының «Фейеноорд» командасын жеңіп бағындырған болатын. Ал әлемнің үздік ойыншыларының бірі Криштиану Роналду болса өзінің спорттық мансабында бұл жүлдені алғаш рет жеңіп алды. Алғашқы минуттардан-ақ мадридтік клубтың жоғарғы қарқыны байқалды. Жаңа ойыншыларын алаңға шығарған Карло Анчелотти ойынның бар жүйесін шабуыл шебіне сеніп тапсырды. 30 минутта Гарет Бэйлдың тамаша пасынан кейін Роналду есеп ашты. Оған дейін де португалиялық ойыншы да мүмкіндіктер болған. Екінші таймның басталғанына 5 минут өте Роналду дубль авторы атанды. Оның жойқын соққысына «Севилья» қақпашысы тосқауыл бола алмады. Нәтижесінде бұл шабуылшы Чемпиондар лигасындағы 70-ші голын соғып, Филиппо Индзагиді қуып жетті. Ал бұл санаттағы үздік сұрмергендер көшін «Реалдың» бұрынғы әйгілі футболшысы Рауль(77 гол) бастап тұр. image Ойын алдындағы "Кардифф Сити Стэдиум" image "Севильяның" үздік ойыншыларының бірі - Денис Суарес image Роналдуды құттықтаудағы кезек image image Хави Алонсо алаңға жүгіріп шықпады... image Касильяс кубокты көтерген сәт image Сэр Алекс Фергюсон құрметті қонақ болып келді image Бэйл бала күнгі арманына жетті image Бүгінгінің бір суреттегі ең қымбат ойыншылары image Роналду финалдың үздік ойыншысы болып танылды. Ақпарат: http://massaget.kz/sport/zhanalyktar/20665

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
12 жауап
127,937 сұрақ
322,804 жауап
153,171 пікір
72,927 қолданушы