Қазақстанда вандализмге қандай шара қолдансақ болады?

0 дауыс
286 қаралым
Егер заң болса тармақтап жауабынызды нақты жазып кесеңіздер?
![description][1]                ![description][2]


  [1]:
  [2]:
бірінші сурет Қазақстан емес
көбі жазып кетеін сөздері мұнда шірдеме(өз есімдерін) болды деп оның кімге керегі бар
• Санаты: Заң

2 жауап

+2 дауыс
Жақсы жауап
Вандализмнiң түрлерi көп, сұрағың бойынша - үйлердiң, мекеме ғимараттарының, басқа да қоғамдық мүлiкке жататын қондырғылардың қабырғаларына сызу, сурет салу жеңiл де болса қылмыс болып табылады. 1997 жылы қабылданған ҚР Қылмыстық кодексi бойынша «тағылық» деп қарастырылған. Яғни Қылмыстық кодекстiң 258-бабы бойынша: «Тағылық, яғни үйлердi немесе өзге де ғимараттарды жазулармен немесе суреттермен немесе қоғамдық адамгершiлiктi қорлайтын өзге де iс-әрекеттермен қорлау, сол сияқты көлiкте немесе өзге де қоғамдық орындарда мүлiктi қасақана бүлдiру жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады».
+2 дауыс
Мұны заңмен жою мүмкін емес. Онымен күресудің бірден-бір жолы қоғамда психологиялық сауықтыру мен ағартушылық тұрғыда жұмыс жүргізіп, халықтың мәдениетін өсіріп, рухани байыту арқылы ғана қол жеткізуге болады.Мемлекет тарапынан рухани-мәдени құндылықтарымызды сақтап, дәстүрлі дінімізді жан-жақты насихаттауымыз керек.

Ұқсас сұрақтар

+2 дауыс
3 жауап
127,776 сұрақ
322,351 жауап
153,150 пікір
72,811 қолданушы