Депрессия - өтпелі кезеңнің белгісі. Адам өмірінде түрлі өтпелі кезеңдер болады. Ол жас ерекшелігіне сәйкес, ортаға сәйкес, өмір сүру деңгейіне сәйкес, түсінікке, көзқарасқа т.с.с. сәйкес бір (немесе бірнеше) баспалдаққа көтерілу немесе түсу. Осындай сәтте мықты болу керек. Бір көріп, сол жерде шешім шығара салмаңыз, түсінуге тырысыңыз. Анығына көз жеткізіп үйреніңіз. Бұл ең алдымен өзіңізге, сосын айналаңызға пайдалы. Еге осы мәселені реттемесе, адам өмір бойы осы проблема үшін қиналып өтеді.
Меніңше, адамдардың батып сөз айта алмауы, шындықты мойындата алмауы (әрине дөрекі түрде емес), біреулерге үнемі көмектесе алмай қиналып жүру себептері, белгісіз себептермен ұялу, белгісіз себептермен көңілі қаласа да, жасауға әрекеттенбеу себептерінің көбі адам иллюзиямен шешім қабылдап, нақты фактті түсіне алмауында деген ойдамын.