0 дауыс
311 көрілді
Строуберринеттен құрбыларым тапсырыс береді. Басқа адамдардың да пікірлерін білгім келеді.

2 жауап

0 дауыс

Строуберринет немесе strawberrynet.com косметика сататын сайт. Өз басым бұл дүкеннен 3 рет тапсырыс бердім. Барлығы да сайтта көрсетілгендей 14 жұмыс күні календарлық 18 күнде келді. Басында сынақ үшін бердім. Эсте Лаудер пудрасы мен ерін бояуын бердім. Бағасы сапасына сай шықты. Екінші рет мамама арнап, үшінші рет құрбымның туған күніне оның сүйікті духиі Коко Мадмуазельге тапсырыс бердім. Бұл сайттың маған ұнағаны:- уақытында келуі; бағасы тиімді;  макияж + түрлі күтімдер жеткізілуі тегін; иіссуды жалғыз емес басқа күтімдермен қоса берсең тегін; акциялар; бірінші клиентке тегін сыйлық; косметиканың сан алуандығы; брендтің почти бәрі бар.

0 дауыс

Желілік дүкендерге шолу - strawberrynet.com
Strawberrynet.com желілік дүкенімен байланысымды сіздермен бөліскім келеді. Осы сайтпен танысқаныма 6 айдың жүзі болды, және осы сайттан 6 рет тапсырыс жасады. Әрбір ай сайын өзіме жағымды сыйлық жасау әдетке айналды))) 
Әзірге менде жағымды пікрілер қалыптасуда.
 


Жалпы маған осы сайттан интернет-шоппинг жасаған ұнайды – қолайлы навигациясы, заттардың кең ауқымы мен тіимді бағалары мені қызықтырады. 15 түрлі затқа тапсырыс беріп үлгердім, әзірге сапалылары мен түпнұсқалары келуде (сеніммен айта аламын, өйткені сайттан тапсырыс берген барлық заттарымның сапасымен, хош иісімен және құрылымымен таныс едім).

Тауар балғындығына келсек, мен алған ең ескі зат ол  - сусабын, 2 жылдық сақтау мерзімімен, яғни, қолдануға бір жыл уақыты қалған екен. Сондай-ақ, Қазақстанға 10-13 күнде жылдам жеткізуі. Сәлемдеме қаптамасы – маған ешқандай дүкен сәлемдемені осылай орап, сәнді баумен буып жіберген емес. Осындай сәлемдемені алу қандай тамаша.

Әртүрлі тауарларға арналған тұрақты шегерімдері мен тапсырыс санына қарай жеңілдіктері ұнайды.


Ұмытып барамын,  қазақ тіліндегі тұтынушыға қызмет көрсетуіне қатты риза болдым... бағалардың жаңаруы мен төлемге қатысты қиындықтар туындады, сол кезде мәселені шешу жолын жылдам әрі жеті түсіндірді.
 

Осындай жақсы тұстарын ескере отырып, барлық кісіге осы желіні пайдалануға шақырамын. Сонымен қатар, тапсырыстарымның бірін фотоға түсіріп, сіздерге ұсынып отырмын. 

Сізге сәтті сауда тілеймін! Менің берген мәліметім сізге көмектеседі деп ойлаймын.


 

Ұқсас сұрақтар

...