+1 дауыс
504 көрілді
Шындық айтатын канал қайсы?

7 жауап

0 дауыс

Бұрын КТК арнасы айтатын еді бір бағдарлама болатын әйел адам бәрін айтады,КТК жаңалықтарын қарағанды ұнататынмын.шындықты айтатын,ал қазір ашып қалған мыналар шығады:

Ал қазір маған  1-ші Евразия арнасы қатты ұнайды жаңалықтары жақсы,халық скайп арқылы шығып жатады,мұн-мұқтаждарын айтып,оқыс-оқиғаларды да,сол скайп арқылы халықтың жағдайын біліп,соны шешуге көмектеседі,ондайды басқа арнадан көрмеппін,және одан кейін 7-шы арнаныкы ұнайды ол да жақсы.

0 дауыс
Шындықты айтатын каналдар 31 мен мен жетінші арна
+1 дауыс
Шынымды айтсам теледидар көруге уақытым жоқ. Менің ойымша КТК арнасы шындықты көп айтады, мектепте оқитын кезімде бірнәрсе болып қалса КТК-ны шақыртамыз деп шығатын еді :)
0 дауыс
Менің түсінбей тұрғаным  суретте Veer мен Tapasyaның қатысы не ?
+1 дауыс
КТК мен Жетінші арна
0 дауыс
Ал  маған КТК ұнамайды, керісінше Аңыз Адам журналының редакторына жала жапқаннан кейін көрмейтін болдым. 31-ді де ұнатпаймын, жүргізушілері қабақтары қатуланып отырады, әрбір сөздері дік-дік етіп... Анда-санда айтпаса шындықты.

Шындықты айтудың жөні осы екен деп адамның көңіл-күйін түсіріп тастайтындары жаман.

1-арна Еуразияның жаңалықтарын қарап тұрам анда-санда, әсіресе Сенбілік жаңалығын.
0 дауыс
Маған сеніңіз, шындық керек болса, кітап оқыңыз, зерттеу жұмыстары мен ғылыми жұмыстарды шолып жүріңіз. Статистика агенттігін ашып қараңыз. Ешқашан да БАҚ (бұқаралық ақпарат құралдары) ақпаратын қарамаңыз, олар шындық айту үшін емес, массалық деңгейде бұқараның санасын билеу үшін жасалынған дүниелер. Ешқандай пайдасы жоқ, тек интрига және адамның психикасына әсер ететін ақпарат таратады. Оданда, сол ТВ-ға жоғалтқан уақытты басқа пайдалы дүниеге жұмсау керек деген ойдамын.

Ұқсас сұрақтар

...