0 дауыс
Өмір-ай

с. Мұқағали Мақатаевтікі
ә. Кеңес Дүйсекеевтікі

Үзіліп түскен алмадай
Үзіліп көңіл қалғаны-ай!
Арыма басқан таңбадай
Арылмай қойды-ау дау-дамай!

Тасыған көңіл арнадай
Таусылып бүгін қалғаны-ай!
Қиылып қалған құрақты
Қиын да болар жалғау-ай!

Шоқтанып жанған көгімде
Шолпаным бар ғой менің де.
Жолдассыз, доссыз, тегінде,
Өткерген өмір өмір ме?!

Тасыған көңіл арнадай
Таусылып бүгін қалғаны-ай!
Қиылып қалған құрақты
Қиын да болар жалғау-ай!

Осы да жақсы, кім білсін,
Өкініш, ынсап бір жүрсін.
Алайда доссыз өткерген
Күн құрсын, бауырым, күн құрсын!

Тасыған көңіл арнадай
Таусылып бүгін қалғаны-ай!
Қиылып қалған құрақты
Қиын да болар жалғау-ай!
07.08.2014 665 қаралым

Сіздің жауабыңыз

Спамға қарсы тексеру:
Беске бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз

Ұқсас сұрақтар

127,957Сұрақ
322,869Жауап
153,169Пікір
72,972Қолданушы