+1 дауыс
Қағаз неліктен уақыт өте сарғаяды?
05.08.2014 741 қаралым

2 жауап

0 дауыс

Қағаз өндіру үшін әр түрлі ағаштар мен бір жылдық өсімдіктер целлюлозасы және ағаш массасы (уатылған ағашқа су араластырылған талшықты қойыртпақ) жұмсалады. Қасиетін жоғарылату үшін қағаз массасына (қағаз және картон жасау үшін пайдаланылатын ұнтақталған талшықты материалдар, су, үстемелер, бояғыш, желімдегіш заттар қоспасы) қосымша минералдық үстемелер қосады: минералдық заттар (каолин, тальк, т.б.) қағаз түсін ағартады, тығыздығы мен тегістігін арттырады және жақсы баспалық қасиеттер (мөлдір емес, бояу жұғатын, т.б.) береді; желімдік материалдар (канифоль желім, крахмал, шайыр, т.б.) қағаздың сия сормайтын қасиетін және парақтың беріктігі мен тығыздығын арттырады; кейбір қағаз түрлерін жасауда бояғыштар, химиялық талшықтар, т.б. қолданылады. Уақыт өте оның құрамындағы лигин ауа және жарық әсерінен қышқылданып, қағаз сарғаяды.

06.08.2014
0 дауыс
Себебі, қағазды ағарту үшін хлорды пайдаланады. Ол уақыт өте келе сарғаяды.
06.08.2014
127,962Сұрақ
322,896Жауап
153,169Пікір
73,019Қолданушы