0 дауыс
4.5k көрілді
Венчурный инвестор дегеніміз не?
???????????
Ауууууууууууууууууу

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

«Венчур» - ағылшынның «Venture» тəуекелді кəсіпорын немесе бастама
дегенді білдіреді. 
Венчурлық капитал - дегеніміз тəуекелге жақын бизнеспен
айналысатын жоғары технологиялы компанияларға берілетін қаражат. 
Венчурлы капиталдың қайнар көздері: бейресми сектор; ресми сектор. 
Бейресми сектор қатарына мынадай институттардың қаржьілары жатады: 
кəсіпкердің жеке қаражаттары; достарының, туыстарының қаражатта-ры; 
гранттар; меценаттардың сыйлығы; спонсорлардың қар-жысы; бизнес
инкубаторлар қаржысы; бизнес періштелердің қаржысы. Ресми сектордың
қаржысын мынадай институттар қалыптастырады: венчурлы капитал; 
ғылыми-техникалық зерттеу саласындағы инновациялық шағын
көсіпорындарды қолдауға арналған қор қаржысы; инвес-тициялық қорлар
қаржысы; қаржылық емес корпорациялар өндірістік-қаржы топтарының
қаржысы; банктер. 
Венчурлық қор - венчурлық инвестициялауды жүзеге асыру
мақсатында занды түлға құру арқылы немесе құрмай-ақ жеке жəне заңды
тұлғалар капиталының шоғырлануын атайды. Венчурлық қорлар - 
венчурлық инвестициялаудың негізгі механизмі болып табылады. 
Венчурлық инвестициялаудың бастапқы кезеңінде қызметгі инновация
жасау мен коммерциялауға бағытталған компанияларға жеке, отандық
жəне шетелдік капиталды тарту мемлекеттің тікелей үлестік қатысуымен
венчурлық қорларды қүрғанда мүмкін болады. Венчурлық қорға
инвестицияланатын мемлекеттік қаржылар осы қорға кіретін жеке
инвестициялардың төуекелдерін төмендетеді. Венчурлық индустрияның
қалыптасуының бастапқы кезеңінде мемлекеттің араласуының осындай
үлгісі барлық елдерде өзінің тиімділігін көрсетті. 
Венчурлы қаржыландыру - 1950-60 жылдары Американың Нью-Йорк
қаласында банк қызметкері Артур Роктың идеясының негізінде венчурлы
қаржыландыру деген ұғым пайда болды. Бұл қаржыландыру шағын
инновациялық бизнесті қолдауды дамытуға арналған еді. Қазіргі күні ол
жеке венчурлы көсіпкерлікке айналды. Бүл кəсіпкерлік екі түрлі бизнестің
қосындысы: бірі - қаржы, екіншісі - инновациялық бизнес. Венчурлы
бизнестің негізгі субъектілері мыналар: қаржы акцепторлары - венчурлы
компаниялар жəне жаңа бастаушы кəсіпкерлер; қаржы донарлары - жеке
тұлғалар, бизнес-періштелер жəне маманданған қорлар; қаржы жөне
ақпарат делдалдары. Венчур деген сөздің өзі риск, яғни тəуекел деген
мағынаны білдіреді. Бұл бір жағынан, тəуекелге өте жақын, ал бір жағынан, 
жоғары пайдалы кəсіпкерлік дегенді білдіреді. Венчурлы каржыландыру - 
ол ұзақ мерзімді жоғарғы тəуекелді қаржыландыру, яғни 5-7 жылға дейін
созылады. Ол жаңа пайда болған шағын инновациялық кəсіпорынныңакционерлік капиталын қалыптастыратың немесе бұрыннан белгілі
венчурлы компанияның капиталына – айналатын қаржы құралы. 

...