Фатиха сүресі
Жеті аяттан тұратын осы сүре Меккеде түсірілген. "Фатиха" –деп аталуы қазақ тіліндегі "бет ашар, ашушы" деген ұғымды білдіреді. Мәтінінің қысқа болуына қарамастан, ҚұраниКәрімнің мағынасын негізінен өзінің бойына жиып алғаны үшін,ҚұраниКәрімдегі сүрелердің орналасу жүйесінде алғашқы орында тұр және Құрани Кәрімнің мазмұнын "ашушы" мәртебесіне ие.
Бұл сүреде жалғыз Аллаһтағалаға деген сенім, Аллаһтағаланың Өзінеғана ғибадат ету, Ақырет күнінің бар екеніне сену, жалғыз Аллаһтағалаға табынып, медет-жәрдемді де тек Өзінен ғана сұрау, шынайы дін және тура жолды жалғызҰлыАллаһтың Өзі ғана көрсете алатынына иман келтіру сияқты Ислам дінінің негізгі шарттары жинақталған. Сондықтан, Фатиха сүресін "Құранның анасы –негізі" - "Уммүл Құран" деп те атайды.
1. Мейірімді және РақымдыАллаһтың атымен(бастаймын).
2-3-4. Мадақ - алғыс түгел әлемдердің Қожасы, Мейірімді және Рақымды, Қиямет-Жаза күнінің Әміршісі – Аллаһтағалаға тән.
Түсінік: Адамзат әлемінде билік құру мадақ-алғысқа лайық жол ашпайды.
Аллаһтың құзырындағы түгел ғалам мен ғарыштың, оларды мекендеген жанды-жансыз тіршіліктің үстінен білім-даналықпен және мейірім- шапағатпен иелікететін, олардың ықпалынан тыс, жоғары, ақыреттің есеп-Кітап күніне де жеке Әмірші Аллаһ тағаланың Жалғыз Өзі ғана мадақ-алғысқа лайық.
5. Өзіңе ғана құлшылық ұрамыз және Өзіңнен ғана жәрдем сұраймыз.
6.7. Біздерді (Өзіңнің)қаһарыңа ұшырағандардың және адасқандардың емес, Өзің нығметке бөлендіргендеріңнің жолы болған тура жолмен бастай көр.