+2 дауыс
5.6k көрілді
Сіздің ойыңызша, қандай елдер Қазақстанмен дос, ал қандай елдер жау(біздің елді де біреулер қызғанып көре алмайтын шығар) . 3 досты, 3 жауды жазып көрсетіңіз.

7 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Ашық білдірмесе де жеме-жемге келгенде аяқтан шалып қалуға тырысатын елдер болар, бірақ анық жауы жоқ сияқты.

Ал достарға келсек Америка, Еуроодақ елдері Қазақстанды шикізат өндіретін тек қана дамушы ел ретінде қарайды (қысқасы менсінбейді). жоғарыдағы жауап Түркия депті, оларға өз басым еш сенбеймін (себебі түріктедің ұстанған саясатын өз басым көріп жүрмін). Қытайларға не керек, оларға жер керек, қазба байлық керек (олар достықты неғылсын), Қызғызстан дос болар еді, өз басымен қайғы болып кетті ғой, Кешегі Қырымнан кейін Ресейге де сенуден қалдық (бірақ басқа сенетініміз қалған жоқ, өз беделі үшін болса да Ресей Қазақстанды қорғайды деп ойлаймын)...

Менің айтып отырғаным ешқандай ресми мәліметтер емес, жәй ғана өз көзіммен көріп жүргендерім
+1 дауыс
Қазақстан мейлінше барлық елдермен достасып, бейбіт қатынас жасауға ұмтылуда. Көбінесе Туркия, Қырғызстан, Ресей, Қытай, Белоруссия елдерімен тығыз қарым-қатынас жасап жүр. Жауларын білмеймін, жоқ сияқты, жоқ болғаны да жақсы.
+1 дауыс
Менің ойымша қазіргі уақытта басақа елдерді дұшпан депте жау депте айта алмаймын. Олардың шынайы дос екенін немесе өтірік дос екенін, ішкі ниетін білмеймізғо. Дос мемлекеттер деп өз басым : Туркия, Өзбекстан, т.б. Мұсылман Азия мемлекеттерін айта алам. Ал Ресей мен Қытайдың, Американың іштерінен біз туралы не ойлап жүргенін Құдай біледі
+1 дауыс
ең жақын достары Беларусь пен Ресей егер ресей болмаса қазақстан баяғыда Қытайдың қол астына өтіп кетер еді. ЖАУ ДЕП ҚЫТАЙ мемлекетін айтсаңдар болады. ҚЫРҒЫЗСТАН, ӨЗБЕКСТАН, ТӘЖІКСТАН, МОДОВА, ҰЛЫБРИТАНИЯ ЖАПОНИЯ, КОРЕЯ, СЫНДЫ ЕЛДЕР жәй достар
Егер Алтын Орда, яғни біздің ата-бабаларымыз болмағанда,орыстарды неміс,швед,поляк рыцарлары жер бетінен жойып жіберетін еді.
Белгісіз
0 дауыс
Қытай,Ресей мен Өзбекстан мемлекеттеріне сенуге болмайды.Ресей солтүстікті ,өзбектер оңтүстікті біздікі дейді,ал Қытайдың ойы қазақ даласын қытайларға толтыру.Осы үшеуіне сенуге болмайды... Қазақ еліне Түркия мен Қырғыз елі сенімді одақтас бола алады деп ойлаймын.
сенбесек қытай мен ресей украина құсап басып алар едіғой
Қытай мен Ресей тұрғанда бізді ешкім жаулап ала алмайды.Тіпті өздеріде.Себебі біз маңызды жерде орналасқанбыз.Сондықтан жаулап алуға тиым салынған стратегиялық аймақпыз.
Белгісіз
+1 дауыс

"В поитике не бывает дружбы, бывают только интересы" деп белгілі бір саясаткер бекер айтпаған. Мемлекеттер арасында достық болмайды, тек саяси-экономикалық және мәдени байланыстар ғана болады. Сондықтан, Қазақстанға дос мемлекет жоқ.

0 дауыс
Ешқандай дос мемлекет байқай алмадым, бізге дос болып жақан мемлекеттер олар өз мүделерін ойлап жүр, және тауарларын бізге экспорттап экономикасын жақсару мақсатында деп ойлаймын біз өзге елге жем болмау үшін, олардан бір қадам артық басып жүруіміз керек деп ойлаймын.
...