Бұл бидің қазақтыкі емес екендігінің бірнеше дәлелі бар.
1) Бұл би еліміздің ешбір аймағында, с.і. қазақтың қаймағы бұзылмаған Қызылордада, Ақтауда, Шымкентте, Торғайда сақталмаған, яғни болмаған. Шыңжанның не Мұңғылдың қазағы Қызылорданың қазағынан автохтонды болуы мүмкін емес.
2) Сонымен қатар, бұндай би қазақтарға ең жақын туыс ұлттарда (ноғай, қарақалпақ, өзбектерде) жоқ. Би біздікі болса, қазақ ұмытса да, туыс ұлттардың біреуінде қалуы керек еді. Жалпы, түркі халықтарында ұқсас би не оғыздар, не қыпшақтар, не қарлұқтарда жоқ, тек тегі мұңғыл, тілі түркі алтай-хакас-қырғыздарда бар.
3) "Бұл биді кеңес өкіметі ұлттық сана-сезімімізді өшіру үшін ұмыттырған" деген тезис негізсіз. Ұлттық сана-сезімді өлтіру дәстүрлі мәдениетті өшіру арқылы емес, ондай биді өлсе де билемейтін көсемдерді құрту арқылы жүзеге асырылады. Керісінше, отарлаушы отарланған халықты дәстүрлі мәдениет шеңберінен шығармай, ортағасырлық тағы ретінде көрсетуге тырысады. Америкадағы үндістер, Ресейдегі Сібір халықтары әлі күнге дейін "Қаражорғаларын" билеп жүр. Бізде болса, біз де билер едік. Яғни, бізде "Қаражорға" жоқ. Орыстар өшірген болса, неге "Қамажай", "Маусымжан", "Киіз басуды" өшірмеді?
4) Бұл би туралы еш бір жазба немесе ауыз әдебиетінде дерек жоқ, "Пәленшенің тойында Түгеншелер билеген" дегендей.
5) Бұл би биленіп жүрген өлең сөзі жағынан түпнұсқалық емес, жаңадан жазылған сөздер. ""Қара жорға" болмаса, тойдың көркі кірмейді", яғни контексттің өзінде "Қара жорға" жануар емес, би ретінде аталады. Салыстырсақ, "Қамажай" мен "Маусымжанның" тексттері түпнұсқалық.
6) Бұл бидің ырғағы қазақтың дәстүрлі аспаптарының, бірінші кезекте домбыраның сарынына сай емес. Ондай ырғақты асатаяқ, даңғыра, шаңқобыз сияқты бақсылық аспаптармен тартуға болады, бірақ осының негізінде "Қаражорғаны" ұлттық би деу бақсылардың ішетін есірткі сусындарын ұлттық ас дегенмен тең.
7) Бұл би қозғалыстары, әні бойынша шаманисттік би. Қазақ хандығы құрылған кезде даламызда ислам өркениеті орнап қойған, ал шариғат бойынша, билеу жағымды іс емес. Яғни, қазақ биі десек, хандығымыз құрылған сәттен санау керекпіз. Ар жағындағы жахил бабаларымыздың ондай биі болған шығар, бірақ ондай би жахилият кезінде әркімде, тіпті орыстарда да болған. Неліктен ол би біздікі болуы тиіс?
Қазақ халқы үндіеуропа, түркі, моңғол, тіпті араб тайпаларынан жиналған құрамды ұлт. Соның ішінде кейбір моңғол текті рулар бар, көбісі әлі әрі қазақ, әрі моңғолдардың ішінде бар, көбісі әлі Мұңғыл елінде тұрып жатыр, қайсылары екені бәрімізге мәлім. "Қара жорға" биі сол Алтай, Саянды мекендейтін қазақ пен моңғолдың арасындағы өтпелі тайпалардың биі. Ондай биді тегінде мұңғылдан басқа да қан бар бүкіл қазақтың биі деуге болмайды. Бұл "Шыңғысхан қазақ болған" деген операдан. Жеке менің руым мұңғыл емес, түркі текті, мұңғылдың бұл жынойнағын билемеген, мен де билемеймін, ұрпақтарым да билемейді.