Файлдарды вирус әсерінен жойылып кетуден сақтау үшін WinRar немесе Zip-пен қысса, файлдар ешқашан жойылмайды деген рас па?

+3 дауыс
844 қаралым
Жалпы компьютер

3 жауап

+2 дауыс
Ия көп жағдайда құтқарып қалады. Себебі вирус арнайы бір бағытпен жасалады. Егер вирус кеңейтілуі .rar .zip т.б. архив файлдарды зақымдау үшін арналып жазылса онда құтқара алмайды.  Бірақ мен осы уақытқа дейін зақымдалғанын көрмеппін. Ия флешкаға архивқа салып сүрген қазіргі уақытта ең тиімді жолдардың бірі болып тұр. Бірақ бұл ұзаққа бармас. Түбі оған да арналған вирус шығады, оған күмәнім жоқ. Архив файлдың бір кемшілігі бар, егер онын 1 секторы бұзылса, бітті бүкіл архив файл жарамай қалады. Ондағы ақпараттың құрыған деген сөз.

Мына жерде архиватор программаларды салыстырып көрген екен. http://www.filebox.ru/articles/read/arctest/
+2 дауыс
флешкам вирус болып қалып менде архивтелген файлдар іске аспай қалды жақында.
0 дауыс
Рас емес. Себебі, вирустар информацияны жеп қояды. Ол қысылған ба, жоқ па бәрібір. Ең қажет файлдарыңды CD немесе DVD дискілеріне жазып қойғаның дұрыс.
127,680 сұрақ
322,223 жауап
153,247 пікір
72,705 қолданушы