Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі бұйрықтары туралы?

0 дауыс
3.1k қаралым
ҚР ДСМ нің №146 бұйрығы керек еді шұғыл интернеттен таба алмай жатырмын ?
• Санаты: Заң

2 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап

Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласындағы мемлекеттік реттеуді жетілдіру жөніндегі жол картасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Жауапты хатшысының 2014 жылғы 19 наурыздағы № 146 бұйрығы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау саласы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 71, 72 және 74-тармақтарына сәйкес, дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасы айналысы саласындағы мемлекеттік реттеуді жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласындағы мемлекеттік реттеуді жетілдіру жөніндегі жол картасы бекітілсін.

2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә.Байжүнісовке жүктелсін.

3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Жауапты хатшы  С. Мусинов

 

админ  ренжымей маган ссылкасын бере аласызба жалпы ережелеры керек еды мамам дарыгер еды аттестацияга керек еды
0 дауыс
Саламатсыздарма! Халықты тіркеу порталы (РПН) қандай бұйрықты басшылыққа алып тіркелеміз?
127,755 сұрақ
322,322 жауап
153,150 пікір
72,779 қолданушы