0 дауыс
716 көрілді
Акция түсінігі және оның жіктелінуі?

1 жауап

0 дауыс

Акция – үлесті немесе меншік куәландыратын бағалы қағаз.

Ол иеденушісіне компанияның, капиталының, мүлкінің кіріс бір бөлігіне заң жүзінде меншік құқығын береді.

Акцияны шығару мына жағдайда болады:

Меншікті акциландырғанда, яғни акционерлік қоғам құрып, оның жарғылық капиталын қалыптастырғанда.
Бар компанияны акционерлік қоғам ретінде қайта құрғанда.
Жарғылық капиталды қосымша молайтқанда.
Акция бірнеше түрге жіктеледі:
Бір жағанан, бір акционердан басқа біреуге беру тәсілі бойынша, атаулы және иесі ұсынушы болып екіге бөлінсе,
Екінші жағынан, корпорацияны басқаруға қатынасу құқығы бойынша жай және артықшылықты акция деп бөлінеді.
Атаулы акция иесі міндетті түрде корпорацияның регистіріндетіркелуі тиіс акция.
Ұсынушыға арналған акция иесінің аты-жөні корпорация кітабында тіркелген акция.
Қоғамға басқару жағынан қолында атаулы акциясы бар акционерлер қолайлы. Себебі ол акционерлік капиталдың және бағалы қағаздардың қозғалысын, сонымен қатар бағалы қағаздардың кейбір акционерлердің қолында шоғырлануын, олардың бұл мемлекеттен кеткенін реттеп және бақылап отыруға мүмкіндік береді. Акционерлердің көзқарасы тұрғысынан қарағанда, әсіресе, қысқа мерзімді мүддені көздеген акционерлер ұсынушы  акциясын қолдайды. Себебі еш жерде тіркелмеген бұндай акцияларды екінші нарықта еркін сатуға болады. Ал атаулы акцияны еркін қолма-қол ақшаға айырбастауға болмайтындықтан олардың өтімділігі акционерге кейбір жағдайда қолбайлау туғызады.

Жай акциялар және оның ерекшеліктері

Жай акцияларды иеленушілердің корпорациясының тапқан пайдасның мөлшеріне байланысты дивиденттер алу құқы жиналысында дауыс беру арқылыкорпорацияны басқаруға қатысу құқы және корпорация жабылып қалған жағдайданесие берушілермен есеп айырысқаннан кейін мүліктің бір бөлігін алу құқығы бар
Артықшылықты акциялар (немесе преференционалды) меншік туралы ерекше сертификат.
Олар корпорацияның пайдасының деңгейіне қарамастан белгіленген мөлшерде неғұрлым нақты дивидент төленуін қамтамасыз етеді.

...