+1 дауыс
316 көрілді
Бізде футбол қашан дамиды.Көрші Өзбектер 53 орында,Ресейлер 23 орында,Қырғыздар 133 орында олар енді естерін жинай бастады.Біздер 127 орында Қазақ футболына 100 жыл сондада жағдайымыз мәз емес.Мына түрімізбен футбол дамымайды ау шамасы
Жауапсыз сұрақ. Қазақстанда футбол сыбайлық жемқорлық тыйылғанда, қазақи ұлттық намыс оянғанда ғана дами бастайды. Аш-жалаңаш Коста-Рика ғұрлы намысымыз болмағаны ғой.

7 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Бізде Аллаһ қаласа футбол дамиды деген ойдамын. Егемендігімізді алғанымызға көп уақыт болған жоқ. Бір жағынан футболды жамандай беруге болмайды. Біз енді бас көтеріп жатырық. Енді дамып жатыр бәрі, осыдан быраз жылдар бұрын Ақтөбе Динамодан 5:1 есебімен жеңілген, одан соңда талай рет жеңілді, ал қазір болып жатқан УЕФА лигасында Ақтөбе - Динамоны 1:0 есебімен ұтты, бұл дегеніміз ұлттық құрамаларымыз жақсы өнер көрсетуде. Бұл деген футболымыздың сәл болсада алдыға жылжығанын көрсетеді. Бірақ әрине минустар кемшіл тұстары жетерлік. Негізі естуімше қазақ футболында байдың ерке балалары ойнайды, онымен қоса өзге ұлт ойыншылары да ойнайды, олар ешқашан қазаққа жаны ашымайды. Қазақтың кез келген жерінен өзі үшін емес, ел намысы үшін барын салып жан тәнімен ойнайтын балалар жетерлік. Соларды шіркін көтеріп жаттықтырса қандай керемет болар еді. Елімізге көптеп футбол алаңын ашу керек. Және шетелден бапкерлермен ойыншы алуларды доғару керек. Ауылдан, қаладан талантты балаларды арнайы іздеу керек.
5-1 ұтылған ол Украинаның Динамосығо. Ал 1-0 ұтқан Грузиянікі.
0 дауыс
шетелден футболисттер алып келеди. озимизде жастайынан ойнап уйренген балаларды алса болады гой. тренер жаксы болса команда да жаксы болар еди. ссодан аланда жургенде сонгы минуттарда оздери босансып коя береди. сонгы минуттарда канша гол жиберип алган командалар бар. Ордабасыны мысалга келтирсе болады. жиналу керек. тренерлерге шетелге барып тажирибе алмасу керек.
0 дауыс
Қазақ футболына түбегейлі реформа жасау керек.Шетелдік футболшыларға кететін ақшаны қысқартып,балалар футболына молынан қаржы бөлу тиіс. Әртүрлі ауылдық,аудандық,қалалық жарыстар өткізіп,көзге түскен іріктелініп алынған балаларды еліміздің ірі клубтарында,ұлттық құрамада бағын сынауына мүмкіндік беру шарт деп ойлаймын.Жалпы футболға өзгеріс енгізу керек,себебі біздің жүйеміз байдың және қаланың балаларына арналған.Ал қалғандары тоқалдан туғандай шет қалады....Бізде футбол даму үшін параны жою керек және Германия футболынан үлгі алу керек
0 дауыс

Дамыту жастардың қолында!

Дамыту өз қолымызда ата-аналар,ертен біз балаларымызды ертерек футболға берсек дамиды!

0 дауыс
"Тасбакага жун шыкканда дамиды" десем кателесетiн шыгармын, келешекте дамитынына сенiмiм мол!
0 дауыс
Клубтардың деңгейі өсіп келе жатыр. Ұлттық құрама алдағы 10 жылдықта тәуір ойнап қалуы мүмкін.
0 дауыс
Қазақ клубтары жақсы өнер көрсетіп келе жатыр.Алдағы уақыттарда қазақ клубындағы құрама шақырту алмаған жастарды шақыру қажет.Бапкерде жақсы болуы қажет, тәжірбиесі бар.

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
2 жауап
Белгісіз 11.10.2014 Жалпы спорт сұрақ қойды
0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
1 жауап
...