0 дауыс
Кеше камазбен көкөніс сатты. Сонда сәбіз таңдағанда, қызы-ұлы болады, қызы татті болады деген әңгіме болды, енді соның қызын қалай таңдап алуға болады?
22.07.2014 803 қаралым

1 жауап

+1 дауыс

Сәбізде ешқандай ұл-қыз деген болмайды, бұл жаңсақ түсінік. Сәбіз жұлынатын уақытынан кешіксе жер үстіндегі сабағына ұрық байлайды, осы кезде сәбіздің жер астындағы біз пайдаланатын бөлігінің ортасындағы діңгегі жуандап, қатты сапасыз болып қалады. Міне осындай сәбізді еркектеп кеткен деп атайды.Сәбіз таңдағанда түсі қызғылт,сырты тегіс, өзегі жіңішкесін таңдасаң қателеспейсің. Түсі сары сәбізде болады, олардың құрамында қанты молдау болғандықтан палауға жақсы болады.

22.07.2014

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,990Қолданушы