+2 дауыс
3.3k көрілді
Мен он алты жастамын, ал бұрынғы жігітім он жетіде.Оның есімі-Данияр.Екеуміз бір мектепте оқимыз.Барлық оқиға мен 2013 жылы қыркүйек айында осы мектепке ауысып келгеннен басталған еді.Басында біз екеуміз достастық.Уақыт өте келе ол маған ұнап қалды. Содан мен оны сүйетінімді айтуға бел будым.Бірақ ол маған жай құрбысы ретінде қалатынымды айтты.4-5 ай өткен соң демалыс күні ол мені кездесуге шақырды. Біз сол күні жақсы көңіл көтердік және үйге жеткізіп саларда, ол маған өз сезімдері, мені кешігіп жіберіп алғаны, қазір ұнатып, менсіз өмірінің мағынасы жоқ екенін айта бастады. Бірақ сол кезде менің жігітім бар еді.Ол аң-таң болып, сезімдері кешіккені үшін кешірім сұрай берді, бірақ мен ештене істей алмадым. Мектепке барып жүргенде ол мені көрмей жүргендей жүреді, сол кезде оның көзіне қарасам маған ренжулі көзқарасымен қарап қалатын . Бірақ оның досы 25 мамыр кезінде Данияр мені әліде ұнататынын айтқан еді, бірақ неге екенін білмеймін оның досының сөзіне сене алмадым.  Қазір енді жаз айы, демалыс ол қазір Ыстық көлде, оның кызы бар ма жоқ па қалы қалай ештене білмеймін. Смс жазған едім ағасы "Данияр қазірше демалыста"деп жауап қайтарды. Мен оны қазір ойламаймын десемде ойымнан кетпейді, түсімде де жие көретін болдым, күндіз ойлаумен, түнде жылаумен болдым,қазірде оны ойламай, жыламаймын десемде, көзімнен жас ағып тұр, не істерімді білмеймін, қалай жаным Даниярды қайтарам, Өтінемін көмектесіңізші.

11 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
"Данияр, сәлем. Қалайсың?" деп СМС жібер. Әрі қарай көре жатарсың.
+1 дауыс
Бәрібір оған үйленбейсің қоя сал. Үйленетін уақыт келгенде жүрген дұрыс қызбен/жігітпен. Сен Даниярды ұмытқың келсе айналысатын бірдеңе тауып ал.
+1 дауыс
сен али жассын гой. жай алдамшы сезим болар. егер сен оган керек болсан ози келеди. оны карату ушин ар турли ис-арекеттер жасаудын кажети жок. Бақыт көбелек сияқты. Ұстауға талпынған сайын уысыңнан шығарып аласың. Ал назарыңды бір сәт басқа нәрсеге аударсаң, ол өзі келіп иығыңа қонады.
+1 дауыс
Cіз қызықсыз, жағдайыңызды түсініп тұрмын. Сіз оны қайтару үшін не жасадыңыз? СМС жаздым дейсіз, одан қайта салмайды ғой. Ол жігіт сізден кешірім сұрапты қанша, бірақ сіз оған түсіндіріп айттыңыз ба? Кейін ұнататынын айтыпты досы, бірақ сенбепсіз, неге? Сонда сіз Даниярға сенбедіңіз бе, әлде досына ма? Көп қыздар, жігітке өз сезімін айтпайды, неге екенін білмеймін. Қорқады ма, әлде намыстанады ма. Жігіттер жасау керек па бұның барлығын? Кеңес сұрасаңыз айтайын. Айлин, сіз мына сөздерді естігесіз ба? "Бір нәрсе айтқын келсе - айт, сағынсаң хабарлас, жолыққың келе ма шақыр". Егер төзімді болсаңыз, демалыстан келгенін күтіңіз. Одан кейін телефон шалыңыз, кездесуге шақырыңыз (біртүрлі ғой деп ойламаңыз). Кездескенде, бірінші по душам сөйлесіңізіздер. Бірақ тек сезімнен басқа тақырыптарға, басында күліп-ойнап отырыңыздар, қызы бар ма сұраңыз(міндетті түрде, ола қаламасаңыз достарынан сұрап біліп алыңыз) одан кейін жайлап бастаңыз. Кешірім сұраңыз,(егер түсінсе, ол да кешірім сұрайды), жақсы көретінізді айтыңыз, сағынғаныңызды айтыңыз(ең дұрысы көзіне қарап тұрып айтыңыз, шынайы айтып жатқаныңызды түсінсін). Қанша қиын болса да айтыңыз. Себебі махаббатты сақтау оңай емес. Өз сезімдерін білдірмегендіктен, көбісі қосылмай, айырылысып кетеді. Оның сізге сезімі бар ма сұраңыз. Ары қарай не болатынын білмеймін, жағдайға және қалай ойлайтындырыңызға байланысты. Сәттілік, егер шынайы сүйсеңіз ол үшін барлығын жасайсыз, сондықтан қорықпаңыз. Егер болмаса өміріңіз алда, әле қызсыз жас. Ол жігіт бір рет сізге айтты сезімдерін, бірақ жауап алмады тура сондай. Енді ол екінші рет айтады дейсіз ба? Сондықтан сіздің кезегіңіз.
0 дауыс
Ailin Abdualieva, мына жерге хабарласыңз Kel@komek.kz
+1 дауыс
Жасың болса әлі 16, 22-23 жасқа дейін әліі талаай жігітті кездестіресің, талай жігітті сүйерсің, қаншама жігіт артыңнан да жүгірер. Сондықтан да, ол үшін қатты уайымдап қам жеудің қажеті жоқ.

Бізде 14-16 жастарымызда талай қызға ғашық болып, талай қызды ұнатып, сөз айталмай кеткеніміз бар, ол әркімнің басынан өтеді, бұл Жастық шақ деп аталады)))
0 дауыс
Оның алдында кінәлі болып тұрамын дейсіз, мүмкін, сіз өзіңізді кінәлі сезінерсіз, мүмкін ол. Бірақ оның бәрі артта қалған нәрсе ғой. Өкініш, мұң, реніштің барлығын ұмытып, бүгінгі күнмен өмір сүруді бастауға тырысып көріңіз. Батылыңыз жетер деп ойлаймын, қиын болсада, не боларын білмейміз ғой, бірақ сізге сәттілік тілеймін. Сүйген жаныңызға қосылуыңызға тілектеспін.
0 дауыс
сәттіліктің қатысы жоқ. телефон номерін сұрап ал да( менімен жасты екенсің) сұрап алыңыз дейін десем) қайта екенін біл халін біл, сағынып жургеніңді айт, кездесуге шақырып көр. сосын көре жатарсың телефон номерін тап қайтсеңде
0 дауыс
Болмашы ғана балалық сезім. Жасың 22-ден ғана асқан жігітті дұрыс іздейсің.Оны жақсы көрмей-ақ қой.Ертең ол басқа қызды жақсы көріп қалса, жүрегіңе ауыр соққы тиеді.Ол жігіттен ауыр естуің мүмкін.
0 дауыс
мененде де осыдан баскашалау жагдайй))тусинеми сении....
0 дауыс

махаббат махаббат расында өмірдің бір қызығы махаббат егер оған айтсаң келер, ал басқа қызы болса ондай білмеймін ұмытуғада болады бұл өмірде ештеңе мәңгі емес яғни ұмыта алмайм деп көбі жылайды бірақ уақыт өте бәріде ұмытылып кетеді,

...