0 дауыс
Сарғайған тістерді үй жағдайында қалай ағартуға болады? Тіс пастасымен жуғанмен онша ағармайды
21.07.2014 946 қаралым

6 жауап

0 дауыс

Ас содасын пайдаланыңыз.Мен пайдаланамын,нәтиже жаман емес

21.07.2014
0 дауыс
Тісіңізді ас содасы немесе тұзымен жуыңыз.Бірақ эмальді жұқартып алу қаупі бар.
21.07.2014
0 дауыс
http://massaget.kz/bastangy/Zdorove/8714
21.07.2014
0 дауыс
splat отбеливание плюс тіс пастасын қолданыңыз
22.07.2014
0 дауыс
Тісіңіздің маржандай ақ болғанын қаласаңыз, міндетті түрде бағасы қымбат мамандарға барудың қажеті жоқ. Өзіңіздің үйіңізден табылатын қарапайым тағамдарды тұтыну арқылы да тіс ауруларынан құтылып, тісіңізді ағарта аласыз. Ал сіздің күлімсірегеніңіз жүзіңізді жадыратып, жаныңыздағы жандарға жақсы әсер қалдырады. Сондықтан мына кеңестерге назар аударыңыздар.

1. Құрғақ сүт.

Кептірілген сүт ұнтағы тісіңіздің ағаруына көп көмектеседі. Сонымен қатар оның құрамындағы кальций қызыл иек пен тісті қатайтады.

2. Бүлдірген.

Бүлдірген шырыны да тісті ағартып, тынысыңызды тазартады.

3. Зәйтүн майы.

Зәйтүн майы мен күнжіт майы тісіңізді тамаша тазалап, түрлі тіс ауруының алдын алады.  

4. Сода мен лимон қышқылы.

Сода мен лимон шырынының қоспасы бір қолданғаннан-ақ тісіңізді жылтыратады.

5. Қызылмия.

Қызылмия өсімдігі құрамы жағынан сағызды еске түсіреді. Онымен тек тісіңізді тазалап қоймай, қызыл иек ісігінің де алдын аласыз.

6. Иіржапырақ, ешкіжапырақ, жалбыз.

Мұндай шипалы шөптердің қайнатпасымен тісіңізді күнделікті шайып тұрсаңыз, тіс ауруларына төтеп бересіз.

Бұл қағидалар сізге тіс ауруларын ұмыттырып, күлімдеп жүруге көмектеседі. Тісіңіздің айнадай жарқырап тұрғанын қаласаңыз, бұл кеңестерді естен шығармаңыз.
01.04.2015
0 дауыс
Ас содасымен жусаң ағарады.Егер қатты сарғайып кетсе алмаспен қыр әсер етеді
01.04.2015
Сонда ас содасын күнделікті пайдалану керекпе? Рецептін беріңіз.
содамен қадімгідей жуа беру қажет тіс жуғандай
Сонда оның зияны жоқтай айттыңызғой. Тістің бетіндегі эмаль кетеді. Өз бетіңізше қалай кеңес беріп отырсыз.Оны тек сирек түрде қолданады. Келесі жолы бір нәрсе жазарда, ақпаратыңыздың нақтылығымен жазыңыз.
127,960Сұрақ
322,890Жауап
153,169Пікір
73,008Қолданушы