(жауап берген осы сайттағы жалғыз атеист)
Ораза тұту пайдалы
Аллаһу та’ала адамдарға зиянды нәрсені әмір етпейді. Мұны медицина мамандары растауда:
Ораза тұтқан адамдарда адреналин және кортизон гармондары қанға бұрынғыдан да оңай араласады. Бұл гармондар рак клеткаларына әсерін тигізеді. Осылай рак клеткаларына қарсы қалқан болады, яғни рак клеткаларының көбеюінің алдын алады.
Ораза тұтқанда дене құрылысы ретке келеді, ішкі мүшелердегі майлар еріп, дененің сергектігі артады, иммунитеті нығаяды, асқазан, бүйрек, қантты диабет, жүрек және бауыр ауруларына қарсы тұру қабілеті артады.
Түрлі міндеттері бар бауырдың ас қорыту міндеті де бар. Ораза кезінде 3-5 сағат демалады, азық жинау жұмысын бір мезгіл тоқтады. Бұл арада қорғану жүйесін күшейтетін глобин белоктарын дайындайды. Асқазандағы бұлшық еттер және секрет бөлетін клеткалар, ораза кезінде бірнеше сағатқа демалады. Қанның көлемі де азайатыны үшін қан қысымы азайып жүрек тынығады. Әсіресе қан қысымы жоғары болған адамдар үшін ораза дәрі секілді пайдалы келеді.
Тамыр бітелуі (Атеросклероз)
Азық қалдықтары жақсы қорытылмағанда тамырларды тоздырады. Қорытылмаған майлар тамырларды тарылтады, тамыр бітелуі деп аталатын ауруға себеп болады. Ораза тұтқанда кешке дейін денеде азық қалмайды. Яғни бүкіл азықтар қорытылып болады. Бұл тұрғыдан да әсіресе «тамыр бітелуі» бар адамдарға басқа айларда да ораза тұтуы кеңес беріледі. Ораза кезінде дененің басқа мүшелері де демалады. Аз тамақтану және ораза тұту деннің саулығы үшін өте маңызды. Зекет – мал мүлктің кірі. Зекет берген адам мал-мүлкін кірден қорғағанындай, ораза тұтқан адам да денесінің зекетін өтеген болады, денесін аурулардан қорғаған болады. Бұдан басқа да көптеген пайдалары бар!