+1 дауыс
406 көрілді
Голливудтың кинофильмдерін көріп отырып, АҚШ-тың автомобиль жолдарына қызығамын. Теп-тегіс, оқтай түзу. Ал неге біздің автожолдар ирелең-ирелең етіп салынған?
сосын киноға да ең жақсы деген жерлерді түсіреді ғой

9 жауап

–1 дауыс
Біздің жол жөндеушілер басқа елдің жол жөндеушілерінен тәжірбиесі аз.Бізде көбі тума-туыспен кірген.Басын жақсылап істейді де, арт жағын шала істейді.Біздің автожолдар ауыр машинаны дұрыс көтере білмейді, ауыр машина жолды шоқалақ-шоқалақ қылып тастайды.
–1 дауыс
Бізде бәрі халтура,бөлінген ақша түгел жолға жұмсалмайды,қалтаға кетеді.Біткен жұмысты қабылдап алатындарға ақша тығады,олар сосын жолдың сапасына қарамай қабылдай салады.Қазақ десең өзіңе тиеді деген,қазекеңнің жүрген жері халтура.
0 дауыс
айтып отырғандарыңызбен келіспеймін. жеп қойса қойған шығар ЕХРО2017 байланысты алматы- өскемен, талдықорған мен білмейтін басқа жерлерді де қазіргі таңда АВТОБАН салып жатыр сол кезде тегіс әрі қолайлы болады. тәуелсіздікке биыл небәрі 23 жыл толады. жас мемлекетке қайта бұл зор жетістік. екіншіден сіздің АҚШ пен біздің елді салыстыруға келмейді. Ол мемлекет көрерін көріп жасарын жасаған мемлекет. мысалы сен бала болсаң ол 40-50 адам өзіңді салыстыр 40-50дегі адаммен. қазақстанды айтасыз көрші қырғыз, өзбектерде  де ондай жол жоқ. сондықтан оған ренжудің де керегі жоқ. артық болса кешірім сұраймын
сен өзбекстанныңжолдарын көріп пе ең?
Корей елінде қай жылы екені есімде жоқ,EXPOкөрмесі өтіпті,сонда  корей басшысы көрмені елдің ең бір дамымай артта қалған қаласында өткізуді жөн көріпті,сол көрменің арқасында сол қала елдің алдыңғы қатарлы қалаларының бірі болыпты,ал бізде ше? онсызда ел бюджетінен жыл сайын ақша құйылып жатқан Астанаға....
тағыда астанаға тисіп жатсыңба ))
өзбекстанның жолын қайтесің өз жолың жетіспей тұрса
0 дауыс
Жер бедеріне байланысты шығар.
0 дауыс
Біздің жеріміз ойлы, қырлы,төбелі болғандықтан шығар
0 дауыс
Жол салушылар және солардың үстінен қарайтындар өз істеріне селсоқ қарайды, жауапкершілікті сезінбейді.
0 дауыс
Басында жауап берген қолданушылардың айтқанына қосыламын. "Назарбаевский система" деген осы болады.
0 дауыс
жол салушылар үстінен жеп қалу керек қо сол ақшаға зәулім үй салып алады да сло баяғы надандық
0 дауыс
Жол салатын материалдар мен техника жұмысшылар бастықтарына дейін дұрыс емес. Балық басынан шіриді деген сөз бар ғой сол жоғарыдағы көкелер жақсылап қадағалаудың орнына қалай жеуді ойлайды сондықтан-да тек жолдар емес басқа да нысандардың кедір-бұдырлықтары бар. Оны айтқанмен  не пайда жөнделіп жатқан жоқ. Жай ішіңнен мх деп күрсініп аласың да жүре бересің машинаңның аман болуын тілеп.
...