+2 дауыс
404 көрілді
СЖ сайты жақсы сайт,бірақ байқағаным мұнда көбісі мектеп оқушылары.Менің Админге немесе осы сайттағы  сайт ашып білетін қолданушыларға бір ұсынысым бар еді.Осы  бізде көлікқұмарларға(автолюбитель) арналған қазақша сайт жоқ-ау деймін,көлік жөнінде,оның бір ақауы жөнінде сұрақ қояйын десең,СЖда көбісі мектеп оқушылары.Орыстарда көп автоға арналған сайттар,адамдар тіркеліп бір біріне ақыл кеңестерін айтып,пікірлерін жазып жатады.Егерде осындай сайт ашсаңыздар қолданушыларыңыз СЖдан көп болмаса,кем болмайтын сияқты.Сіздер қалай ойласыздар,достар?

6 жауап

0 дауыс
Иә сондай ашу керек мен ашам ба деп едім бірақ қолымнан келмеді.Тиынның реті келмеді және уақыт керек болды...Егер де авто туралы ашсаңыздар хабарласыңыздар шашып беремін)!
Міне,бір қолданушы дайын тұр,молодец!
ашып бересің бе, шашып бересің бе?
0 дауыс
Автокөліктер тақырыбындағы kolesa.kz сайты Қазақстандағы ең танымал сайттардың бірі, рейтингте  алғашқы үштікте тұр. Техникалық терминдердің көбісі орысша айтылатындықтан, автокөлік тақырыбында қазақша сайт жасау қиын.
Ол тек көлік сату-сатып алу жарнама,хабарландыру беретін сайт емес пе
0 дауыс
Жәйләәәп  баппееен  Юкоз сайттан бастасан бәрі де болады ғо!!!
0 дауыс
Назымбек сенің айтқаның дұрыс.Бұндай сайт ашу үшін көлікті жақсы білетін адам керек емес пе? Ондай адамдар интернетке кірмейді.Ондай адамдарды кім біреді.
Сонда қандай адамдар отырады инетте,сенің ойыңша?
Менің 1 ағам бар. Көлікті жақсы жөндейді, жөндейтін жерді үйдің ішінен ашқан. Күніне кем дегенде 7-8 клиент келеді. Ал оның 4-5 күрделі жөндетуге келеді, ол көліктерді 1 немесе 1,5 күн жөндейді, есесіне әр клиенттен ең кемі 20-30 ең жоғарғысы 100-150 мың теңгеге жөндетеді. Бірақ түндеде жөндеуге мәжбүр. Үйстіп ақшаны күреп тауып жатқанда қайдағы бір саит үшін алтын уақытын құртып сайтқа кіріп ерігіп отпайдығой дұрыспа
0 дауыс
Мәшинені жақсы жөндейтін кісілер интернетке кірмейді. Кірседе ананы-мынаны жазып түсіндіріп отыруға шыдамы жетпейді. Және көлік бөлшектерінің көбісі орысша. Саитты қазақша ашсаң: включатель, свечя, мотор, стартер, контакт, динамик, бензин насос, т.б.с.с сөздерді қалай аударасың. Мәшине жондейтін арнайы жерлер толып тұрғой ))
0 дауыс
Осы сайттан да көлікке қатысты бөлім ашуға болады. Ол үшін қаражат керек, көлікті білетіндерді осы сайтқа шақырса күніне 10-15 көлік жайлы сұрақтарға жауап бергеніне айлық төлеп тұрса болады, арнайы дәрежедегілер (маман, редактор, модератор) қателерін өңдеп отырса, көлікке қатысты сөздің қазақшасын жазып, жанына жақшаның ішіне орысшасын жазып қойса мыс: дөңгелек(баллон), шам(свеча), жолшам(фара), жүк салғыш(багаж), жылдамдық өлшеуіш(спидометр) т.с.с. Бастысы демеуші керек.
Дұрыс айтасың,саған қосыламын.
...