Айнұр Қалайқызы - Жалған-ай
Өте шығар дүние-ай қас қағымда, ай-хоу
Ойнап-күлген жарасар жас шағыңда, беу, дүние-ай
Кісі жары кісіге жар болмайды, ай-хоу
Балапандай баурыңа-ай басқанменен, беу, дүние-ай
Жалған-ай, жалған-ай
Жанбай өшкен арман-ай
Жарға лайық қалқаның
Жанды әуреге салғаны-ай
Әттең-ай, әттең-ай
Дүние неткен тәтті ең-ай
Жарасқаны қинайды
Дәм-тұзының жатпен-ай
Біреулер мәз аспанда-aй айдалғанға ай-хоу
Айналғанға біреу мәз Пайғамбарға, беу, дүние-ай
Судан таза сүттен ақ кім бар дейсің ай-хоу
Бұл дүниеде кіршіксіз сәби ғана, беу, дүние-ай.