0 дауыс
702 көрілді
Китте не себептен су атқыш бар?

1 жауап

0 дауыс
Киттер - балықтар емес, сүт қоректілер. Олар жылы қанжы, ал балалары дүниеге тірі күйінде келеді, уылдырықтан шықпайды. Кішкентай киттер анасының сүтімен қоректенеді. Ал киттердің арғы аталары, басқа да сүтқоректілер секілді құрлықты мекендеген. Сондықтан, киттерге суда өмір сүруге бейімделуге тура келген. Бұл дегеніміз, миллиондаға жылдар ішінде, олардың ағзасында суда өмір сүруге мүмкіндік беретіндей өзгерістер жүрген. Киттерде желбезектер болмағандықтан, олар өкпе арқылы тыныс алады. Эволюция барысында, олардың тыныс алу жүйесі ең көп өзгеріске ұшыраған. Киттер су астында жүзген кезде, ауа жұту үшін судан 5 - 10 минут сайын шығады. Су бетінен басын шығарға кит бірден пайдаланған ауаны сыртқа шығарады. Киттың су атқышындағы су емес, пайдаланылған ауа мен су буы. Өкпедегі ауаны толығымен ауыстыру үшін кит бірнеше рет су атқызады.
...