0 дауыс
325 көрілді

ҚМГ БӨ Рожковское кен орнында жаңа мұнай шоғырының табылғанын жариялайды

Астана, 13 мамыр 2014 жыл. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (бұдан былай – «ҚМГ БӨ», «Компания) Рожковское кен орнында  тас-көмір кезеңіндегі башқұрт шөгіндісінде жаңа мұнай шоғырының табылғанын жариялайды. Нақтылап айтқанда, 2013 жылы кен орнының  солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан U-24 ұңғымасында башқұрт шөгінділерінің қабаттарын сынау кезінде  максималды дебиті тәулігіне 1,9 мың  мбб болатын жеңіл, сусыз мұнай және тәулігіне 6 млн. текше фут болатын газдың өндірістік ағымы алынды, бұл штуцерде 24/64 (9,5 мм) тең. Осыған дейін бұл телімдегі барлау жұмыстары бобрик және турней қабатынан көмірсутек іздеуге бағытталған. Сол себепті, Miller and Lents, LTD компаниясы 2013 жылдың соңындағы жағдай бойынша Қоғамның шикізат қорларын бағалағанда жаңа шоғырдағы қорлар есепке алынбаған.

Осылайша, башқұрт шөгінділеріндегі жаңа шоғырдан шикізат атқылауына байланысты, Рожковское кен орнының қорлары өсуі мүмкін. Қорлардың қаншалықты артатыны келешектегі геологиялық-барлау жұмыстарының нәтижесі бойынша айқындалады.

ҚМГ БӨ Бас директоры Абат Нұрсейітов: «Федоровский блогындағы башқұрт шөгінділерінде жаңа мұнай шоғырының табылуы бұл активтің жоғарғы потенциалын дәлелдейді. Бұл жаңалық Компанияның қорларын толтыруға және арттыруға бағытталған ҚМГ БӨ геологиялық-барлау жұмыстары жоспарының біртіндеп іске асырылып жатқанының дәлелі»,-деп мәлімдеді.  

Халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізілген техникалық аудиттің нәтижесі бойынша Рожковское кен орнындағы ҚМГ БӨ компаниясының 2P санатындағы сұйық көмірсутектер қоры 2013 жылы 5,4 млн. тонна болса, 2013 жылы 7,9 млн. тоннаға дейін жетті. Рожковское кен орнын 2017 жылы пайдалануға беру жоспарлануда.  

Рожковское кен орнында геологиялық-барлау жұмыстарын Федоровский блогында көмірсутектерді барлауға жер қойнауын игеру құқығы бар «Урал Ойл энд Газ» ЖШС-нің 100% үлесінің иесі болып табылатын,  Ural Group Limited (UGL) компаниясы жүргізеді.   Блок Батыс Қазақстан облысының Зеленовский ауданында, Орал қаласының шығысына қарай 70 шақырым жерде орналасқан. 2011 жылы ҚМГ БӨ Exploration Venture Limited (EVL) компаниясымен  UGL акцияларының 50% үлесін сатып алу туралы келісімді бекітті. 

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
...