0 дауыс
Бала махаббаты әнінің авторы кім?
06.07.2014 7.3k қаралым

3 жауап

0 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Мұхтар Шаханов авторы!

Бала махаббат
Асау өмір арнасында
Шалқып сәби сезімменен
Он жыл мектеп партасында
Бірге отырдым өзіңменен

Сездіруге батпадым да
Бала махаббатымды
Терезенің жақтауына
Ойып жаздым атыңды

Елес беріп келешегің
Қимасыңа баладың ба
Қоштасарда неге сенің
Жас толқыды жанарыңа

Сездіруге батпадым да
Бала махаббатымды
Терезенің жақтауына
Ойып жаздым атыңды

Іңкәр еткен атар таңға
Қош бол енді бала көктем
Бізді алыс сапарларға
Шақырады самолеттер

Сездіруге батпадым да
Бала махаббатымды
Терезенің жақтауына
Ойып жаздым атыңды
06.07.2014
0 дауыс
әнінің авторы керек?
07.07.2014
Мұхтар Шаханов авторы соның шығарған өлеңі 11 сыныпта!
0 дауыс
Қонысбай Әбілов Торғайлық ақынның өлеңі!!!
10.08.2018
127,958Сұрақ
322,882Жауап
153,169Пікір
72,991Қолданушы