0 дауыс
3.3k көрілді
Сейіт Кенжеахметов деген кім? Қай жылы , қай өңірде? қай жылы туылған? Қандай кітаптардың авторы? Бір салт-дәстүрге байланысты кітаптыры бар екен. Одан баска тағы қандай кітаптардың авторы? Жалпы шығармашылығы жайында білгім келеді және суреті болса тіпті жақсы болар еді.

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Этнограф ғалым, жазушы, сатирик Сейіт Кенжеахметов 72-ге қараған шағында өмірден озды.

Қазақтың талай қаймақтарының кіндік қаны тамған Торғайдың тумасы Сейіт Кенжеахметов өмірінің соңына дейін мәдениет, руханият саласында аянбай еңбек етті. Ұлттық этнографияның мән-маңызы, жоғары таным-тағылымдарын талмай зерттеген жазушының соңында мәңгілік өшпейтін, өлмес мол мұра қалды. Ол кісінің «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», «Қазақтың дарқан дастарқаны», «Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті» атты танымдық кітаптары – салт-дәстүріміздің деректі құжаттарына айналған құнды дүниелер. «Сатириктердің көбі, шынымен-ақ, ондай-мұндай, жазу-сызуға шорқақтау келеді. Бірақ қазақта «жігітке жеті өнер де аз» деген сөз бар ғой. Мен таза қазақы ауылда туып-өстiм. Ұлт дәстүрi мен мәдениетiн бойыма жас-тай сiңiрдiм. Және оның таза, асыл қасиеттерiн ұғындым. Бойымда сан өнердің болуының бір себебі – менiң туған жерім атақ-даңқы жер жарған Торғай даласы», – деген еді Сейіт аға бір кездері бізге берген сұхбатында. Сегіз қырлы сатирик кезінде суретші, актер, клоун, тақпақшы, сиқыршы, күлдіргіш, ағаш шебері, фотограф, шебер, құрылысшы да болғанмын деп айтып отыратын еді…
Сейіт Кенжеахметовтің сатира саласындағы сүбелі дүниелері 1967 жылы жарық көрген «Кәрі шеңгелден» бастау алып, «Қуырдақ», «Аттеріс», «Сөз семсер», «Тышқантірлік», «Ел құлағы елу», «Хан барон – на сезон», «Күлкіден айырмасын» және тағы басқа көптеген жинақтарға ұласты. 2008 жылы «Қазіргі қазақ сатирасы» атты жаңа серияның тұңғышы – «Мірдің оғындай» деп аталатын таңдамалы сатиралық өлеңдер мен мысалдар жинағы жарыққа шықты.
«Мені үлкен әдебиетке алып келген де осы сатираның сара жолы. Сатираны қазір мен жазбасам да басқалар жазады. Бүгінде жазып жүрген жас таланттар аз емес. Ал этнография жазылмауы мүмкін. Өйткені, ол менің білгенім, менің көргендерімді басқа білмеуі мүмкін ғой. Мен бұған көп уақытымды жұмсадым. Жастайымнан жиып-тердім», – дейтін Сейіт аға. Оның этнографиялық туындылары қазақ халқының рухани дүниесіне қосылған баға жетпес байлық саналады.
Кезінде Ғафу Қайырбеков ағамыз Сейіт Кенжеахметовке арнап тамаша бір жыр жазған екен:
«Күнде ұшатын күмбез көкке қанатың,
Құдай берген сенің нұрлы талантың.
Сенің сөзің қалың сөздің ішінен,
Ел оқыса, жаңылмай-ақ табатын».
улкеееееееееееееен рахмет, дәл маган керек ақпарат (sun)
+1 дауыс
[Мынаны][1] қарап көрші!


  [1]: http://www.egemen.kz/302686.html
Рахмет :)
0 дауыс
Казак халкынын салт--дəстүрі дегенді жибериниздерші
...