+1 дауыс
871 көрілді
Драйвер дегеніміз не? Ол не рөл атқарады? Және компьютердің драйверін қалай жаңартуға болады?

6 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Драйвер - компмпьютерге жалғанған кез келген құрылғымен байланыстарытан бағдарлама (мысалы принтер жалғайсызба, оның өзіндік маркасына қарай драйвері болады, сол сияқты кез-келген құрылғының)
–1 дауыс
Драйвер - (ағылш. drіver — жүргізуші) — компьютердің сыртқы құрылғылармен өзара әрекеттесуін басқаратын бағдарлама. Драйверлер компьютерді басқаратын операциялықжүйелердің (MS DOS, Wіndows, Unіcs, т.б.) cыртқы құрылғылармен (принтер, сканер, магниттік дискілер, лазерлік дискілер, пернетақта, курсорды өзгерткіш қолтетік, т.б.) байланысын орнатуы арқылы олардың мәлімет алмасу процесін қадағалап, дұрыс жұмыс атқаруын жүзеге асырады. Компьютердің кеңейтілген жедел жадын басқару бағдарламасы да драйвер болып есептеледі. Әрбір сыртқы құрылғының өз драйвері бар. Мысалы, принтер драйвері компьютер процессорынан келіп түскен сигналдарды саралап, қағазға басу процесін басқарады. Драйверлер жаңадан шығып жатқан компьютер құрылғыларының қалыптағы қолданылу өрісін кеңейтіп, олардың дискіден мәліметтер алу жылдамдығын арттыруды, әр түрлі ұлттық әліпби әріптерін пернетақта арқылы енгізу, дисплей экранына шығару, қағазға басу істерін, т.б. жеңілдетуге көмектеседі. Мысалы, компьютерде басқа бір жұмыс атқарылып жатқанда, драйвердің көмегімен бір мезгілде әуен тыңдауға, факс қабылдауға, алдын-ала дайындалған мәліметтерді қағазға шығаруға болады. Драйверлер стандартты (ішкі) және жүктемелі (сыртқы) болып екіге бөлінеді. Ішкі драйверлер операциялық жүйе құрамында орналасып, компьютердің стандартты құрылғыларын басқарады. Сыртқы драйверлер немесе утилиттер магниттік дискіде орналасып, компьютердің стандартынан тыс ерекшеліктері бар құрылғыларды басқарады. Драйверлерді әрбір елдің бағдарлама жасаушы мамандары да жасай береді. Олар тексерістен өткізілгеннен кейін сол елдің стандартты бағдарламалар қорына қосылады. Қазақстанда Алси, Глотур, Ізет фирмалары жасаған драйверлер түрі кең қолданыс табуда
0 дауыс
Қысқаша айтқанда, компьютерген жалғанған құрылғыны іске қосушы бағдарлама.
0 дауыс
драйверсіз компютерден (видео,музыка және даусы бар бағдарламаларды) көреде естиде алмаймыз
0 дауыс

Драйвер - (ағылш. drіver — жүргізуші) — компьютердің сыртқы құрылғылармен өзара әрекеттесуін басқаратын бағдарлама. Драйверлер компьютерді басқаратын операциялықжүйелердің (MS DOS, Wіndows, Unіcs, т.б.) cыртқы құрылғылармен (принтер, сканер, магниттік дискілер, лазерлік дискілер, пернетақта, курсорды өзгерткіш қолтетік, т.б.) байланысын орнатуы арқылы олардың мәлімет алмасу процесін қадағалап, дұрыс жұмыс атқаруын жүзеге асырады. Компьютердің кеңейтілген жедел жадын басқару бағдарламасы да драйвер болып есептеледі. Әрбір сыртқы құрылғының өз драйвері бар. Мысалы, принтер драйвері компьютер процессорынан келіп түскен сигналдарды саралап, қағазға басу процесін басқарады. Драйверлер жаңадан шығып жатқан компьютер құрылғыларының қалыптағы қолданылу өрісін кеңейтіп, олардың дискіден мәліметтер алу жылдамдығын арттыруды, әр түрлі ұлттық әліпби әріптерін пернетақта арқылы енгізу, дисплей экранына шығару, қағазға басу істерін, т.б. жеңілдетуге көмектеседі. Мысалы, компьютерде басқа бір жұмыс атқарылып жатқанда, драйвердің көмегімен бір мезгілде әуен тыңдауға, факс қабылдауға, алдын-ала дайындалған мәліметтерді қағазға шығаруға болады. Драйверлер стандартты (ішкі) және жүктемелі (сыртқы) болып екіге бөлінеді. Ішкі драйверлер операциялық жүйе құрамында орналасып, компьютердің стандартты құрылғыларын басқарады. Сыртқы драйверлер немесе утилиттер магниттік дискіде орналасып, компьютердің стандартынан тыс ерекшеліктері бар құрылғыларды басқарады. Драйверлерді әрбір елдің бағдарлама жасаушы мамандары да жасай береді. Олар тексерістен өткізілгеннен кейін сол елдің стандартты бағдарламалар қорына қосылады. Қазақстанда Алси, Глотур, Ізет фирмалары жасаған драйверлер түрі кең қолданыс табуда250500

жауап берді

0 дауыс
Утилиттер (утилиты; utility program) - операциялық жүйенің мүмкіндіктерін кеңейтетін қосалқы бағдарламалар: файлдарды басқаратын, компьютер туралы мәлімет беретін бағдарламалар, құрылғылардың дұрыс жұмыс істеуін тексеру, жиі ұшырасатын жұмыс екпінін бәсеңдететін мәселелерді шешу, оларды аластау, компьютердің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, дискідегі мәліметтерді динамикалық түрде қысу, архивтеу, дискілерді ықшамдау және т.б. программалар. Кең тараған утилиттерге Norton utilities, PC Tools жатады, олар каталогтар мен файлдарды басқару, кездейсоқ жойылған файлдарды қалпына келтіру, вирустан сақтану, компьютер туралы мәлімет алу, дискідегі файлдардың біртұтастығын сақтау, файлдарды парольмен қорғау тәрізді әрекеттерді орындайды.
...