Қоғам | 1.6k қаралды
1.6k қаралды

Мен күнделік жазғанды жаным сүйеді,араларыңызда күнделік жазатындарыңыз бар болса,өмірлеріңіздің ең қызықты сәттерімен бөлісе отырыңыздар!Менде өмірімнің бір қызықты сәтін сіздермен бөлісейін! Мен 4ші класс оқығанда інім алғаш бірінші класқа барды!Содан ручкасын жоғалтып алса керек менің кабинетіме келіп,ручка сұрамақ болғанғой!Ал менде орыс тілі сабағы өтіп жатқан содан біреу есікті қағады алдыңғы партада отырған бала ашып қараса жоқ болып кетеді,содан тағы есікті қағады тағы сол қайталанды!Содан орыс тіл апайым ашуланып барып есікті жұлқып ашып қалып еді інім жерде домалап жатып,(Извените, апай Клубнику можно?)дегені бар емеспе!Апай аң таң сірә шын Клубника сұрап тұр деп ойлап қалса керек! Ал жаңағы жоғалып кеткендегісі есікті ашқан кезде сыртында қалып қоя бергеніғой!Содан апай бар екпінімен есікті ашқансоң құлап түскен...Сіздерде өмірлеріңіздің қызықты сәттерінен бөлісе отырыңыздар!

,

15 жауап

Жоқ жазбаймын күнделік деген дүниеmail

Жоқ жазбаймын күнделікті...
Белгісіз
Жалпы жазған пайдалы ғо бірақ оны жазу үшін уақытын болуы  керек!
Қызық болған екен, күлкіден өлдім әбден, інің қатырған екен. Ал, өзіме келетін болсам, мен де күнделік жазғанды жақсы көрем. Бұрын көп жазатын едім, қазір неге екенін білмеймін, жазбай кеттім... есейіп қалдым ба...))))
Ешқашан күнделік жазып көрмеппін.
негізі күнделікті фантазер адамдар жазады!
5-6 оқып жүргенде жиі жазатын едім.Бірақ ол күнделігім көшіп жүргенде жоғалып кетті.Ал қазір жиі жазамын деп айта алмаймын,өте сирек,тіпті 5-6 айдан соң бірақ жазатын уақыттарым болады.
Негізі күнделікті тек әзіл оқиғаларды жазбайды. Мен өзім бір күнде өткен оқиғаларымды, ұмытып қаламын деген маңызды кездесулерімді жазамын. Көңіл куйім болмаса, күнделікке жазамын. Төбем көкке бір елі жетпей тұрса да күнделікті қолыма аламын. Әрине, бірақ қол тими қалғанда, уақыт арасы үзіліп қалады кейде... 2 - 3 жылдан кейін қайта оқысаң сол кезгі проблема оңай және күлкілі болып көрінеді екен) Сонымен қатар, мен анда -санда шабыт келгенде өлең жазатын әдетім бар. Сол барлық өлеңдер сол күнделіктен орын табады. Және де  келешекке ,келер күнге жоспар жасаймын. Бірақ ешкімге көрсеткен емеспін күнделігімді. Қазір заманауи технологияның дамыған заманы болғандықтан, қолына дәптер мен қаламсап алмай, планшет, e book алып жүретіндер де кездеседі. Өмір деген қызық қо, қызық жерін сызып қой деген сияқты бастысы пайдаға жараса болғаны.
Менің күнделігімде қаншалықты мұңды сағаттарым орын алса қуанышымда сол сияқты орын алады!Мен күнделікті шынымды айтсам өткен қателіктерімді қайталамас үшін жазамын!
Қазір қарасаңыз атақты шенеуніктердің, үлкен бизнес фирмалардың бір күндік, айлық, жылдық жоспарлары болады. Жеке күнделік те дәл сондай болуы тиіс.... Ол мақсатқа жетуге деген қозғалыстың нәтижесін бағдарлауға мүмкіндік береді. Бұл тек эмоцияны емес басқа бағытта да жазуға болады.
Өкінішке орай мен күнделікті эмоциялық тұрғыда жазамын!Басқа мақсаттарыма жоспар құрамын!Кейде жоспарым нәтижисіз болып жатса,соны күнделікке түсіремін!
Мен бұрындары жазатынмын. Қазір жазбаймын.
Күнделік жазған маған да ұнайды!Қуанышты,қайғылы сәттерде ішімдегінің бәрін соған ақтаратын әдетім бар:-) 8-сыныптан бастап жаза бастадым,ал оған себеп болған алғашқы махаббатым:-)
Жоқ.                                                                                          .
Күнделік жазған жақсығо. Бірақ өз басым жазбаймын. Құлпынайым )сені жеп қояйын) : өмір деген қызыққой, қызық жерін сызып қой, деген сірә сол күнделік шығар. :) менің қызықты оқиғам: ағайларымызға ескертпей вечеринка жасағанбыз. Со вечеринкада вальс билеп енді қызық болып келе жатыр еді, клас жетекші ағай кіріп келет, (прикол) әлі есімнен кетпейді.
Солғой өмір қызығы таусылмайды алайда қайғысыда қатар жүреді!Өмірдің өзі сонымен қызық сонысымен тәтті!Күнделік ал сол өміріңе ерекше бір сән қосатын сияқты меніңше...
Мұндай жағдай менде де болған)))
Күнделік жазуға уақыт та, талап та, құлшыныс та жоқ.
Менде күнделік бар. Осы жылы, жарты жыл ішінде 3 күнделік аяқталыпты.

Мендегі ерекшелік мынада: жоспар, тапсырма, іс, жұмыстар тізімі, қаражат қадағалауы. Күнделікте басты тақырып осы үшеуі.
Жақсы дұрыс жүйе екен)
Жазамын деп бастаймын да әрі қарай жазғым келмей кетеді.
Жазамын бірақ басқа адамдар оқып қойса қиындау болады. Қызықты сәттерді еске түсіру қиын екен. Көбінесе қайғылы сәттер көп есте қалады ғой.
119,129 сұрақ
307,340 жауап
153,315 пікір
68,907 қолданушы