Терлеу – табиғи құбылыс. Спорттық ойындар ойнағанда немесе Күннің аптап ыстығында адамның терлеуі – қалыпты жағдай. Қарапайым терлеудің ағза үшін қажет.Терінің бетіндегі судың булануынан ағза салқындайды. Сонымен қатар, дененің терлеуі арқылы өзіңдегі зиянды уыттан, шлактан құтыласың. Көбінесе жиі терлейтін мүшелер қатарына - маңдай, алақан, мойын, қолтық жатады. Осы мүшелерде пайда болған терге бактериялар тез орналасатын болғандықтан, жағымсыз иіс те тез пайда болады.
Терлемеудің немесе тым болмағанда айналаңдағыларға байқатпаудың ең тиімді тәсілдерін ұсынамын:
*Дезодранттар - дезодорант-антиперспиранттардың бірнеше түрлері бар: спрейлі, гельді, қатты, шарикті сұйық, крем түрінде. Спрей және қатты дезодранттар тердің исін ғана бүркесе, гель, шарикті дезодранттар және кремдер тердің киімнен өтіп кетпеуін қамтамасыз ете алады.
*Арнайы антиперспиранттар – қатты терлеумен күресу үшін арнайы жасап шығарылған құрал. Дәріханаларда ғана сатылады.
*Тальк және присыпка – бұл ұнтақтарды теріге сепсеңіз, сұйықты сіңіріп алады. Жоғарыдағы дезодранттарға қарағанда, бұлардың әсері әлдеқайда мықтырақ болып келеді. Тальктің қарапайым, сезімтал теріге арналған және парфюрмерленген түрі болады. Сізді жағымсыз иіс мазаласа, соңғысы көмек береді.
*Кремдер – дәріханаларда сатылатын крем түріндегі арнайы құралдар тері құрамындағы темірге әсер етіп, белсенділігін төмендетеді.
*Диета – бір қарағанда біртүрлі көрінгенімен, сіздің жиі терлеуіңіздің себебі зиянды тағамдарды пайдалануыңыздан болуы мүмкін. Мәселен, кофе, энергетикалық, алкагольді сусындар. Мамандар бұл сусындардың себепші болуын дәлелдеп те шығарды. Есесіне көк шай, түймедақ тұнбасын пайдалансаңыз, көмегі зор болмақ.
*Төсемдер – жоғарыдағы кеңестерден нәтиже шықпаса, қолтыққа арналған арнайы төсеніштерді қолданып көріңіз.Олар - тердің киімге тиіп, былғануынан сақтайды. Әрине, мұндай төсеніштер тек жабық киімдер кигенде ғана қолданылады.