+1 дауыс
624 көрілді
Тек қана ҚАЗАҚстанда ғана...
- Көлікте ішіп алып, адамдарды
қағып өлтіретін шенеуніктердің
балаларына сот жоқ;
- Қазақ бола тұра, ана тілін
білмейтіндер бар;
- Басшылардың лауазымы ауысады
да, өздері ауыспайды;
- Әкімдердің үйі жоқ, жалға алып
тұрады;
- Мемлекет бюджетінен бөлінген
қаржы жететін жеріне жетпей
қалады;
- Оппозицияның аты бар да, заты
жоқ;
- 100 мың теңге жалақы алатын
салық инспекциясының қызметкері
TOYOTA LAND CRUISER PRADO
жүргізеді.
- "Қол жетімді баспана"
бағдарламасымен 20 жыл кезекте
тұрып үй алуға болады;
- Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай
"жаңа КУПЮРА шығарамыз" деп 2
миллиард қаржы жұмсайды да,
артынша ол шықпай қалады;
- 20 мың теңге алса, ол - ПАРА, 20
миллион алса, ол - БИЗНЕС;
- Қызында айфон, шешесінде
айпад, ал әкелерінде ай сайын
кредит.
- табақтай екі қызыл дипломы бар
жұмыссыз жастар.
- Аллаға емес Аяз атаға, Қағбаны
емес шыршаны айналуды жөн
көретін кіші және орта буын
өкілдері.
- болған төтенше жағдайлардан
100ден астам адам өлсе де оны
10-20ның көлемінен асырмай
көрсететін бұқаралық ақпарат
құралдары.
- Халқына уәдесін үйіп-төгіп,
артынша ол жаққа ат ізін салмай
кететін халық қалаулылары.
- үлкен қаланың орталығына 30
миллион теңгенің шыршасын
құрастырады.
- ай сайын 360мың айлық алып
келген басшы. (Қазақтелеком)
- 1-ақ сарбаздың өзі бір заставаны
оп-оңай қырып тастайды
(Арқанкергенді айтып отырмын).
- атағында қос-қос коттедж, лексус
автокөлігі мен жеке жер меншігі
бар әжелеріміз бар..(салықтан
жалтару үшін шықбермес
шығайбайларың осындай да
қитұрқы әрекеттерге барады екен).
- мұнайы американдықтар мен
қытайлықтардың, Байқоңыры
орыстардың, мысы кәрістің, металы
үнді мен еврейдің қолдарында.
- өзінің басынан өзі үш рет атып
өлтіре алатын саясаткер
(З.Нұрқаділов)
- Ұшақтағы қызметкерлерден қазақ
тілін талап еткені үшін "бұзақы"
атанып, абақтыға қамалады
(Жұлдыздар отбасы журналының
бас редакторы)
- Халықтың қазынасын оңды-солды
жеп, қалтасын қампитқасын
шетелге көшіп кете береді..(Алиев,
Әблязов, Рысқалиев, Храпунов,
санай берсек саусағымыз да
жетпес)
- Орамал таққан қаракөз
қарындастарымыз оқудан бір-ақ
сәтте шығарылса, НARLEM SHAKE-ті
билеп жын ұрған студенттерге
министрдің өзі кешірім береді.
- Жетімдері шетел асып, көкек
аналардың сәбилері қоқыс
жәшігінен табылып, көк қағаз үшін
жанын да тәнін де саудалайтын
ұятсыздар мен ата-анасын қарттар
үйіне тапсыратын бетсіздер өмір
сүруде.
- Үкіметке кеңесімен көмектескені
үшін оған жыл сайын 16 миллион
стерлинг береміз (Ұлыбританияның
бұрынғы премьер-министрі - Тони
Блэр мырзаны айтамын )
- тас-төбемізден гептил тиеген
протон құлап жатса да еш қауіп
жоқ деп ауызды қу шөппен сүртеді.
- 11 жылдық білімдерін 3-ақ сағатта
тексереді, ауқатты отбасылардың
балалары 125ті емін-еркін жинаса,
күні-түні кітаптан бас алмай
оқыған өзге оқушылардың
болашағына балта шабылады.
- мұнай өзімізден шықса да бензин
бағасы шарықтап тұр.
айта берсек бұл қара тізімнің
шетіне жетуіміздің өзі
неғайбыл.."Қазақстан" мен "Хабар"
арнасын қарап отырсақ
дүниежүзінде бізден асқан
бақытты, бізден асқан бай, бізден
асқан тату ел жоқ. Ал
шымылдықтың сыртында ше..
мен азат елдің еркін ұлымын. Өз
ойымды, пікірімді айтуыма толық
құқым бар, оған бола тілімді жұлып
алмас, "бас кеспек болса да, тіл
кеспек жоқ" деген. Болып жатқан
келеңсіз құбылыстарға бей-жай
қарап отыру азаматтығыма сын
болса керек-ті.. "Қараңғы қазақ
көгіне, өрмелеп шығып күн болам"
деген кешегі Сұлтанмахмұттың
бүгінгі ұрпағының бірімін. Қайрат
Рысқұлбековтердің ізі мен
Шохандардың намысымын.. Баукең
айтқандай өтіріктің балын
жалағанымша, шындықтың уын
ішіп өлгенім мың есе артық. Аллах
тағала ауызымыз бен тілімізді
тамақ шайнау үшін ғана
жаратпаған шығар.Осы пікірмен келісесіздерме?

14 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Өз көзімізбен көріп өз құлағымызбен естіп жүрген шындық қой!Қазіргі қоғамдағы кәрі және орта буынның бәрі орыс рухымен тәрбиеленген,сондықтан олардан қайыр жоқ.Қазіргі биліктегілердің қолынан орыстарға жағымпаздану ғана келеді.Істеген істерінің сырты жылтыр болғанымен,ішінің бәрі қоқыс қой!Қазіргі үкіметтің қолынан бірдеме болсын келетін болса,онда осы жоғарыда өзіңіз айтып өткен мәселелердің бірін болсын шешу керек еді ғой.......Енді біз ДАҢҚТЫ ата- бабамыздың қанымен келген тәуелсіздіктен айырылып қалмау үшін қазіргі жас буын,яғни біздер тез арада билікке араласуымыз қажет.Орыстың құлдарын биліктен аластатуымыз қажет.Сонда ғана біз, сіз айтып отырған олқылықтарды шеше аламыз.Негізі бәрі өзіміздің қолымызда ғой.ҚАЗАҚ елін мықты қылатын да біз жастар н/е жоқ қылатын да біз жастар деп ойлаймын.
ммм міне өте дұрыс Орыс рухымен тәрбиеленген дегенге келісем)
Белгісіз
Әттең өкініштісі сіз бен біз сияқты ойлайтын жастарымыздың аздығында!Бұл менің әр нәрсенің жаман жағын іздегендігім емес!Тек кәзіргі жастарды Қазақстанның болашағы алаңдатады деп ойламаймын!Олар тек қарындары тоқ уайымдары жоқ болса болды!Өзіміздің санасыздығымыздың кесіріненде осындай кемшіл тұстарымыз өте көп!
0 дауыс
О Құдайым-ау. Мынауың кереметқо. Әрине ұнады. Мынаны бұл жерге жазғанны түк пайдасы жоқ. Оданда бұны жоғарыдағыларға жеткізсеғо
жетпеді емес жетіп жатырғой,олардың елеп қарағылары да келмейтін шығар...
0 дауыс
керемет керемет))) тек Еліміздің тәуелсіздігінің 20жылдығына орай Жаңа Купюра деген не? түсіне алмай қойдым)
Купюра деп ақшаны айтады!
ммм) білмейтінін жоқ екен осы сенің)
Белгісіз
соншалықты көп білмеймін 20-30%ғана!
0 дауыс
Шындығы да бар,өтірігі де бар ақиқат.
сонда қай жері өтірік?
Ол жәй мысқалдап айтылған сөзғой!Сөздің парқын түсіне білу керек!
0 дауыс
Жақсы жазылған, барлығы шындық. Халқымызды ойлайтын, биліктен қаймықпайтын азаматтарымыз бұларды айта-айта еш нәтиже шықпаған, Н.Ә.Н кеткен соң бәрі жақсы жағына өзгереді деп үміттенемін.. Мен бұны бір жерден оқығам, авторы есіме түспей тұр, авторы кім екен?
0 дауыс
менің оймша кемшілікті айта бергеннен ол одан әрі ушықпаса , шешімінн таба қоймайды. Сол кемшілікті тізбелей бергеннен көрі, соны шешуді қарастырған жөн. Ең алдымен болашақ билікте иемденер ұрпақ тәрбиелеу керек. Жәрайды сізбен қосыламын. бірақ сол шенеуніктердің орнында болсаныз не жасар едіңіз?
елім деген ұранды бетке ұстап іштен бәрін былықтырмай,халқымның жағдайын жасап сосын артылғанына өзім жағдай жасар едім әрине айту оңай дәлелдеу қыйын деп отырған шығарсыз!Бірақ егер пендешілікпен бір ағаттық жасаған болсам өз еркіммен биліктен кетер едім!
0 дауыс

Керемет                                     .yes

+1 дауыс
Онша емес.                                                            .
+1 дауыс

Тек біреуімен ғана келіспеймін: "Қол жетімді баспана"бағдарламасымен 20 жыл кезекте
тұрып үй алуға болады"
дегеніңізге (таныс немесе ақша тықпасаңыз ол баспана екінші өмірде ғана түсіңізге еніп қалар деп ойлаймын) 

мүмкін ол да дұрыс шығар!
0 дауыс

Бәрі тамаша, бәрі шындық! Бұл сұрақты міндетті түрде бүгін ФБ-ға жолдап, пікірге салып көремін. Тек мына бір жерін (- ай сайын 360мың айлық алып
келген басшы. (Қазақтелеком))
, "Ай сайын 360000 $ айлық алып, елбасынан сөз естіген шенеуінік, қайта келіп міністір болатын"- деп жазсаң мықты болар еді.

–1 дауыс
Өзіңіз саларда өңдеп алыңызшы ренжімесеңіз!
0 дауыс
толықтай келісем
–1 дауыс
Бір көріпкеліміз айтыпты ғой,Қазақстанда кәрі шалдан кейін қатты тақ таласы болады,сосын билікке ел намысын,халық қамын ойлайтын жастар келеді деп.

Тек сол жастар халықтың өз арасынан шықса екен:::
0 дауыс
мағыналы екен. бір өкініштісі осы айтылғаннан еш қорытынды жоқ. Қазақстан бұл жаман әдетінен еш қашан айырла алмас. Себебі, әр адам тек тіршілігі үшін күресуде...   Жаксы, адал өмір мүмкін Сауда Арабия елінде. Қазақстан бұл мақсатқа жету үшін

иманды

5 уақыт намазын орындаса

халықтын 100 пайызы

сол кезде осы  адалдыққа жете аламыз))
...