Мұздатылған болгар бұрышынан дәмді ас
http://www.damdialem.kz/2014/01/blog-post_9809.html
басқа да дәмді тағамдардың рецептері (қазақша рецептер суреттерімен) http://gourmania.kz
Мұздатылған болгар бұрышынан дәмді ас
http://www.damdialem.kz/2014/01/blog-post_9809.html
басқа да дәмді тағамдардың рецептері (қазақша рецептер суреттерімен) http://gourmania.kz
Құрамы: Болгар бұрышы - 10-15 түйір Фарш - 400 гр Күріш - 1 стақан Пияз - 2 дана Картоп - 2 - 3 дана Томат пастасы - 1 асқасық Сарыуыз - 1 Қара бұрыш Тұз Сарымсақ - 2-3 түйір Сұйық май - 0,5 стақан Аскөк Бұл бұрыштарды жазда тазалап, жуып салған болатынбыз мұздатқышқа, сондықтан жуудың қажеті жоқ. Фаршқа алдын-ала жуылып, жібітілген күріш, ұсақтап туралған пияз, тұз, қара бұрыш салып, сұйық май құйып, араластырамыз. Мұз боп тұрған бұрышымыздың ішіне дайын фаршымызды саламыз,бір саусақтың орны қалатындай орын қалдыру кекек. Себебі пісу барысында күріштер ісініп, бос жерлер толады да, бұрышыныз жыртылып кетпейді. Пиязды турап майға қуырып, томат пастасын салып, араластырамыз. Картоптарды да қалаған пішінде турап, қуырып, тұздап, үстіне бұрыштарымызды жайғастырамыз. Салқын су құйып, бір қайнағаннан кейін, оттың астын басып, Қазанның бетін жауып, баяу отта 40 минуттай пісіреміз. Тұзы аздау болса, тұз салып, қаласаңыз сарымсақ та салсаңыз тіптен дәмді болады. Піскен тағамымыздың үстіне аскөк себеміз. АС БОЛСЫН! P.S БАЙҚАҒАН БОЛСАҢЫЗДАР, БОС ЖЕРЛЕР КҮРІШ ПЕН ФАРШҚА ТОЛДЫ.