0 дауыс
173k көрілді
Тура, ауыспалы, көмекші, негізгі, көп мағыналы сөздердің ережелері керек еді?
Тура мағыналы сөздер ауыспалы мағыналы сөздер ол жағын түсіндім,көмекші зат есімдер ма көмекші дегенің?

10 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Сөздердің тура мағынасы

Сөздердің тура мағынасы - сөздің таза лексикалық ұғымының сөзде бейнеленуі. Сөз мағынасы - заттың, нәрсенің, сапаның, қатынастың, қимыл-әрекеттің, қалыптың, шындықтың басқа да құбылыстардың сөз арқылы бейнеленуі. Сөз мағынасы әдетте екі түрлі болып келеді: сөздің грамматикалық мағынасы және сөздің лексикалық мағынасы. Сөздердің тура мағынасы лексикалық мағынаға тікелей байланысты. Лексикалық мағына көп жағдайда жалпылық қасиетке ие болады. Мәселен, күлді, ашуланды, қуанды деген сөздерді "адамныңпсихологиялық жайына қатысты жайдың етістік арқылы берілуі" деуге келеді, бірақ ол сөздердің әрқайсының өздеріне лайықты нақтылы ерекшеліктері бар: бірі екіншісіне қарама-қарсы (күлді—ашуланды), бірі үшіншісімен мағыналас (күлді-қуанды). Ол айырмашылықтар сол сөздердің тура мағынасы арқылы білініп тұр. Сондай-ақ зымырады, жүгірді, аяңдады дейтін сөздердің бәрі де қозғалысты танытқанымен, біреуінде эмоциональдық реңк (зымырады) басым, екіншісі қозғалыстың бәсеңдігін (аяңдады) көрсетеді. Мұндай нақтылық та сол сөздердің тура мағынасының арқасында мүмкін болып отыр. Сөздердің тура мағынасын тек етістік сөздермен ғана түсіндіріп қоймай, есім сөздермен түсіндірудің көптеген мысалдары бар. Үй, пәтер деген сөздердің тура мағыналары арқылы олардың айырмашылығын әркім ажырата алар еді. Сол сияқты, қара деген бір ғана негізгі сөздің тура мағынасының өзінде бірнеше ұғым тұрады. Біз есімдігін бірінші жақтың көпше түрінде де, сыпайылық мағынасында (әсіресе, ғылыми еңбектерде) жекеше түрде де қабылдауға болады.

Ауыспалы мағына

Ауыспалы мағына — сөздің қолданылуы барысында пайда болатын туынды мағынасы. Этимологиялық тұрғыда ол негізгі (тура) мағынадан өрбиді. Ауыспалы мағынаның жасалуына бір зат пен екінші бір заттың, бір құбылыс пен тағы басқа құбылыстың форма, сыртқы түр, түс ұқсастығы, қызмет сәйкестілігі негіз болады. Мысалы, “түзу ағаш үйге тіреу, түзу жігіт елге тіреу” (мақал) деген сөйлемде тіреу сөзі алғашқысында негізгі (тура), екіншісінде ауыспалы мағынада, қолданылған.[1] Сөздің ауыспалы мағынада қолданылу тәсілдеріне метафора,метонимия, меңзеу, қызмет бірлігі т.б. жатады. Сөздердің қызмет бірлігі бойыншаауыспалы мағынада қолданылуы олар бейнелейтін заттар мен құбылыстардың тұлғасы, түрі мен түсі, басқа да белгілері жағынан әр түрлі бола тұрып, атқаратын қызметтері бір болуына байланысты. Мысалы: жүру сөзі кезінде бір ғана мағынада қолданылып, кейін түрлі қозғалыс түрлерінің бәрінің атауына айналған.

Сөздің негізгі мағынасы

 

Сөздің лексикалық мағынасы заттың, құбылыстың лақ сөзі болмағанымен, ұгым арқылы түсірілген солардың бейнесі деп есептеледі. Сондықтан сөздің магыналарын саралағанда ең алдымен оның ең алғашкы негізіі магынасын табуға тырысады.

Сөздің негізгі мағынасы айтушы мен тыцдаушыга ортақ нақты заттық ұғымды білдіреді. Нақты заттык ұгым сөз арқылы сөйлемде өзге сөздермен ешбір қарым-қатынасқа түспей-ақ статнкалық күйде ұгынылады. Бұлар шын-дьіқ өмірдіқ көрінісі ретінде белгіленеді. Сөздің нақ осындай мағынасы әдстте лексикалық магына деп аталады. Сөздіц лексикалық магынасы, негізіі магынасы, тура мағынасы деген сөздер өзара синоним ретінде жұмсалады. Мәсслен, аспан, тоғай, өзен, қызыл, сары, қозгалу, көру, былтыр, таңертең, жаздай дегсн сөздер өзініц тура магынасында осы түрган қалпында айгушыға , да, тыңдаушыга да бірдсй түсінікті. Өйткені бұлар айналамыздагы бәрімізге танымал затпсп кұбылыстық атауы, күнделікті көріп жүргеп_ шыпдық өмірдің көрінісі. Бүл көріністер баршаға ортақ белгілі дыбыстық комплекстер арқылы таңбаланып, бір тілде сөйлеуші коллсктивтің белгілеуімен жүзеге асқан үйреншікті сөз мағыналары арқылы түсінікті болып тұр.

Көп мағыналы сөздер

Тілдегі кейбір сөздер бірнеше мағынада қолданылады. Екі не одан да көп мағынада қолданылатын сөздер көп мағыналы сөздер деп аталады. Көп мағыналы сөздер бір сөз табынан болады және бір негізден таралады. Мысалы, адамның немесе жан-жануардың көзі, иненің көзі, терезенің көзі, бұлақтың көзі, білімнің көзі, істің көзі. Осы тіркестердегі «көз» сөзі – бір негізден таралған зат есім.

Ауыспалы магына тура магынанын аясында журетин магына. Мысалы: бас адамнын, китаптын басы, кинонын баса т.б.
0 дауыс
Тіліміздегі ұзақ уақыт бойы қолданылып келе жатқан байырғы сөздер жаңа сөз, жаңа мағыналар жасауға ұйытқы (негіз) болады. Олар бұрынғы тура мағынасының үстіне жаңадан бір не бірнеше қосымша, яғни туынды мағыналарға ие болып жатады. Соның нәт жесінде сөздік қордағы сөздер сан жағынан да, сапа жағынан да дамып, жетіліп, тілдің байлығы артады. Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуын сөздің көп мағыналылығы дейміз. Көп мағыналы сөздер бір негізден таралады да, бір сөз табына қатысты болады. Мысалы:

Бас (зат есім) - 1) адамның, айуанның, жәндіктің дене мүшесі; 2) шөптің, ағаштың ең жоғарғы жағы; 3) таудың ең үсті, төбесі; 4) өзеннің, бұлақтың басталған жері; 5) таяқтың ұшы; 6) балтаның, шоттың жүзі бар жағы; 7) бір нәрсенің айналасы.

Ата (зат есім) - 1) үлкен әке, әкенің әкесі; 2) ата жолы - ескіден қалған женө-жоба, әдет-ғұрып; 3) ата жұрт - ежелгі мекен; 4) ата кәсіп - атадан келе жатқан шаруашылық.

Сонымен, сөздің қолданылу аясының өзгеруі, яғни бір саладан басқа бір салаға ауысуы оның мағынасының өзгеруіне әсер етеді.
0 дауыс
Құлақ, қабырға, дүние, кілт, ақ,өту, келу, терең сөздерінің тура және ауыспалы мағыналары
0 дауыс
5 сынып 236 жаттыгудын 3 тапсырмасы
0 дауыс
құлақ дегенді көпмағыналы түрде қалай жазады. Ал бет дегенді ше. 
0 дауыс
Тура мағыналы сөздерге мысал?
0 дауыс
тура жəне ауыспалы мағынадағы сөйлемдер құрауға көмектесіңіз
0 дауыс
Нормалйный емес бул сайт
0 дауыс
бетке қалай жазуға болады
0 дауыс
тура мағына деген не қысқаша
...