Шлакоблокпен тұрғызылған үй қыста суық бола ма?

0 дауыс
2.5k қаралым
Көрші көке үй салғалы жатыр. - Күйген кірпішке ақша жеткізе алмаймын, қам қыш құюға денсаулығым жарамсыздау, шлакоблокпен тұрғызатын болдым, тез бітеді, әрі арзанға түседі екен деп еді кеше үйге құдайы тамаққа келгенінде. Бірақ осы шлакоблок деген қыста үйді суық етіп, жазда ыстық жібереді дегенді бір есітіп едім. Сол рас па? Жер сілкінісіне шыдамайды деп қояды тағы біреулер. Қысқасы осы шлакоблок дегеннің плюс,минус жақтарын тізіп жазып өтесіздерме, қиын болмаса ?!
• Санаты: Жалпы сұрақ

2 жауап

+1 дауыс
Иә рас,менде естігем шлактан салынған үй тез сыйрыс болады деп жоқ егер жылылап пенопласпен қаптап тастаса суық болмауы керек!
Сыйрыс - сырость, дымқыл тарту деп жазсаң да болады
+1 дауыс
шлакоблок жақсы құрылыс материалы болып саналады. арзан бағасының арқасында үлкен сұранысқа ие. Қазақстанның табиғат жағдайына есептегенде жарты кірпіштеп қалаған (20 см) қабырға балшықпен (раствор) сылақтанып сыртынан минералды негіздегі жұмсақ жылылағыш материалмен (минвата қалыңдығы 5 см) қапталса жылулық жағынан қойылатын талаптарға толықтай жауап береді. жаман жақтарына материалдың ылғалдан қорқатындығын жатқызуға болады. алайда кірпіш материалдардың көбісі мұндай қасиетке ие екендігін ескерген жөн.
Белгісіз

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
3 жауап
21.07.2014 • Санаты: Жалпы сұрақ Белгісіз сұрақ қойды
127,753 сұрақ
322,322 жауап
153,150 пікір
72,778 қолданушы