+1 дауыс
522 көрілді
Инвестициялық ресурстардың жалпы сипаты, олардың жіктелінуі?

1 жауап

0 дауыс

Инвестициялық ресурс – компаниялардың құнды қағаздарды сатып алуға жұмсайтын қаржысы. Инвестициялық ресурс ашық және жабық нысанда болады. Ашық инвестициялық қорда компания жаңа акцияларды ұдайы сатады да, ескілерін сатып алады, одан түскен табыстарын басқа компаниялардың құнды қағаздарына сатып алуға жұмсайды. Жабық инвестициялық қорда компания дәл белгіленген мөлшерде капиталданады, тек ескі акциялардың негізінде ғана жұмыс істейді. Инвестициялық қордың жұмысына мемлекет лицензия береді. Қордың стратегиялық мақсаты болып  мемлекеттік қаражаттар мен инвестициялардың қайтарылуының өсу қарқынын артыру және соның салдары ретінде ұлттық даму институттарының қызметтерін сауықтыру және тиімділігін арттыру табылады.

Қордың ақша табуының екі негізгі тәсілі бар. Және олардың сіз компаниялардың акциялары мен бондтарын өзіңіз тікелей сатып алған кезіңізде пайдаланған тәсілдерден ешқандай айырмашылығы жоқ.:

1. Инвестициялық ресурс өзі акцияларына ие компаниялардан дивиденттер ала алды, сонымен қатар, ақшаны проценттік үстемемен банкте ұстайды немесе өзі ие бондтардан процент алады. Сол қаржыларды алған соң, қор оны өз инвесторларына бөледі.

2. Ресурс менеджері инвесторлар қаржысын түрлі құнды қағаздарға инвестициялағаннан кейін, олардың нарықтың бағасы өсуі мүмкін. Бұл көптеген қорлардың негізгі табысы болып саналады.

Өкінішке орай, қор әрқашан ақша таба бермейді. Егер ресурс менеджерлері пайда әкелмеген немесе , керісінше, бағасы төмендеген қандай да бір инвестиция жасаса, қор менеджері шығынға ұшырауы мүмкін. Бірде- бір қор пайда табуға немесе сіздің құйған қажыңызды сақтауға кепілдік бере алмайды. Ешкім шығынға ұшырағысы келмейді, инвестициялық қорлар да сондай.

...