0 дауыс
3.9k көрілді
Қоғамдық ұйым(Общественная организация) құру үшін қандай құжаттар жинайды жәнеде қай жерге барып тапсырады? Толық мағлұматтар берсеңдер

1 жауап

0 дауыс
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДЫ ҚҰРУ, ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ

9-бап. Коммерциялық емес ұйымды құру

1. Коммерциялық емес ұйым, оны қалыптастыру арқылы, сондай-ақ бұрын бар коммерциялық емес ұйымды қайта ұйымдастыру нәтижесiнде құрылуы мүмкін.
Дербес білім беру ұйымының ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйым «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңындакөзделген жағдайда акционерлік қоғам болып қайта құрылуы нәтижесінде құрылуы мүмкін.

2. Коммерциялық емес ұйымды (қоғамдық және дiни бiрлестiктердi қоспағанда), оны қалыптастыру арқылы құру құрылтайшылардың (құрылтайшының) шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
Қоғамдық бiрлестiктер олардың жарғысы қабылданып, органдары қалыптастырылатын құрылтай жиналысын (съезін, конференциясын) шақырушы кемiнде он адамнан тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары тобының бастамасы бойынша құрылады.
Азаматтардың қоғамдық бірлестіктерді құру құқығы тікелей жеке тұлғаларды біріктіру жолымен, сондай-ақ саяси партиялар мен кәсіптік одақтарды қоспағанда, заңды тұлғалар – қоғамдық бірлестіктер арқылы да іске асады.
Саяси партиялар мен кәсіптік одақтарды қоспағанда, құрылтай съезін (конференция, жиналыс) шақыратын, онда жарғы қабылданатын және басшы органдар қалыптастырылатын жеке және (немесе) заңды тұлғалар - қоғамдық бірлестіктер қоғамдық бірлестіктердің құрылтайшылары болып табылады. Қоғамдық бірлестіктердің құрылтайшылары – жеке және (немесе) заңды тұлғалар тең құқықтарға ие болады және бірдей міндеттерді атқарады.

3. Заңды тұлға ретiнде коммерциялық емес ұйымның құқық қабiлеттiлiгi ол мемлекеттiк тiркелуден өткен кезден бастап туындайды.
Коммерциялық емес ұйымның айналысуға лицензия алу қажет болатын қызмет саласындағы құқық қабiлеттiлiгi осындай лицензияны алған кезден бастап туындайды.
Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.19 N 395-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), ҚР 2011.10.11 № 484-ІV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

20-бап. Коммерциялық емес ұйымның құрылтайшылары

1. Коммерциялық емес ұйымның ұйымдық-құқықтық нысанына қарай, егер осы Заңда, Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, жеке және (немесе) заңды тұлғалар оның құрылтайшылары бола алады.

2. Коммерциялық емес ұйымды, тұтыну кооперативiн, қауымдастықтарды (одақтарды) құру жағдайларын және коммерциялық емес ұйымдардың жекелеген түрлерi туралы заң актiлерiнде көзделген өзге де жағдайларды қоспағанда, жеке тұлға құруы мүмкiн.

21-бап. Коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттары

1. Коммерциялық емес ұйымдардың құрылтай құжаттары:

1) мекеме үшiн - меншiк иесi (меншiк иелерi) бекiткен ереже (жарғы) және меншiк иесiнiң (меншiк иелерiнiң) құру туралы шешiмi;

2) қор, тұтыну кооперативi, коммерциялық емес акционерлiк қоғам қауымдастық (одақ) нысанындағы, өзге де ұйымдық-құқықтық нысандардағы заңды тұлғалар бiрлестiктерi үшiн - құрылтайшылар бекiткен жарғы және құрылтай шарты;

3) қоғамдық бiрлестiк, дiни бiрлестiк үшiн - жарғы болып табылады.

2. Коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарының талаптары коммерциялық емес ұйымның өзiнiң, оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) орындауы үшiн мiндеттi.

3. Коммерциялық емес ұйымның бiрiнiң құрылтай шарты мен жарғысы арасында қарама-қайшылықтар болған жағдайда:

1) егер олар құрылтайшылардың iшкi қатынастарына қатысты болса, құрылтай шартының;

2) егер олардың қолданылуы заңды тұлғаның үшiншi тұлғалармен қатынасы үшiн маңызды болса, жарғының талаптары қолданылуға тиiс.

22-бап. Коммерциялық емес ұйымның жарғысы

1. Коммерциялық емес ұйымның жарғысы:

1) коммерциялық емес ұйымның атауын, соның iшiнде ұйымдық-құқықтық нысанын, қызметiнiң мәнi мен мақсатын;

2) коммерциялық емес ұйымның орналасқан жерiн;

3) коммерциялық емес ұйымның басқару органдарының құрылымын, қалыптастыру тәртiбiн және құзыретiн;

4) коммерциялық емес ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) құқықтары мен мiндеттерiн;

5) коммерциялық емес ұйымның мүшелiгiне (егер коммерциялық емес ұйымның мүшелiгi болған жағдайда) қабылдау және одан шығу шарты мен тәртiбiн;

6) коммерциялық емес ұйымның мүлкiн құрау көздерiн;

7) коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбiн;

8) коммерциялық емес ұйымды қайта ұйымдастыру және оның қызметiн тоқтату шартын;

9) коммерциялық емес ұйым таратылған жағдайда оның мүлкiн пайдалану тәртiбiн;

10) филиалдар мен өкiлдiктер туралы мәлiметтердi көздеуге тиiс.

2. Коммерциялық емес ұйымның жарғысы Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн, өзге де ережелердi көздеуi мүмкiн.

3. Егер коммерциялық емес ұйымды бiр тұлға құрған болса, онда оның жарғысында мүлiктердi құрау және кiрiстердi пайдалану тәртiбi де белгiленедi.

4. Осы баптың 1-тармағы 4) және 5)-тармақшаларының ережелерi қорларға қолданылмайды. Қордың жарғысында осы баптың 1-тармағында көрсетiлген мәлiметтерден басқа, қор органдары туралы, қордың лауазымды адамдарын тағайындау және оларды қызметiнен босату тәртiбi туралы, ол таратылған жағдайда қор мүлкiнiң тағдыры туралы нұсқау болуға тиiс.

5. Тұтыну кооперативiнiң жарғысында осы баптың 1-тармағында көрсетiлген мәлiметтерден басқа, кооператив мүшелерi пайларының мөлшерi туралы; кооператив мүшелерiнiң пайларын енгiзу құрамы мен тәртiбi және пай енгiзу жөнiндегi мiндеттемелердi бұзғандығы үшiн олардың жауапкершiлiгi туралы; кооперативтi басқару органдарының құрамы мен құзыретi және олардың шешiмдер қабылдау тәртiбi туралы, соның iшiнде шешiмдi бiрауыздан немесе басым көпшiлiк дауыспен қабылдау мәселелерi туралы; кооператив мүшелерiнiң оларға келтiрiлген шығынның орнын толтыру тәртiбi туралы шарттар болуға тиiс.

6. Адвокаттар алқасының жарғысында мүшелiктi тоқтата тұру тәртiбi, заң консультацияларын құрудың және олардың қызметiнiң тәртiбi, мүлiктi құрайтын көздер және оларға билiк ету тәртiбi, мүшелiк жарналарды төлеу тәртiбi, адвокаттардың тегiн заң көмегiн көрсету тәртiбi және соттың, анықтау және алдын ала тергеу органдарының тағайындауы бойынша адвокаттар арасында заң көмегiн реттеп бөлу тәртiбi, адвокаттарды аттестациядан өткiзу тәртiбi, адвокаттар алқасы мүшелерi мен тағылымдамадан өтушi адвокаттардың тәртiптiк жауапкершiлiгi және жауапкершiлiкке тарту тәртiбi, адвокатты лицензиясынан айыру туралы өтiнiш қозғау тәртiбi болуға тиiс.

6-1. Республикалық адвокаттар алқасының жарғысы Республикалық адвокаттар алқасының құрылымын, оның органдарының құрылу тәртібі мен құзыретін, мүлкін қалыптастыру көздерін және оған иелік ету тәртібін, адвокаттар алқалары жүзеге асыратын аударымдар мөлшерін, сондай-ақ Республикалық адвокаттар алқасын қайта ұйымдастыру және тарату тәртібін қамтуға тиіс.

7. Қауымдастықтың (одақтың) құрылтай құжаттарында олардың органдарының құрамы және құзыретi, олардың шешiмдер қабылдау тәртiбi туралы және қауымдастық (одақ) таратылғаннан кейiн қалған мүлiктi бөлу тәртiбi туралы шарттар да болуға тиiс.

8. Коммерциялық емес ұйымның жарғысына өзгерiстер мен толықтырулар оның жоғары органының (жалпы жиналыс, съезд, конференция, құрылтайшы) шешiмi бойынша енгiзiледi. Қор жарғысына өзгерiстер мен толықтыруларды, егер қор жарғысында оған осындай құқық берiлген болса, қордың басқару органы енгiзедi.

9. Коммерциялық емес акционерлiк қоғам жарғысында қоғамның коммерциялық емес ұйым екендiгi де, дауыс беру рәсiмi, дивидендтердi төлемеу туралы ережелер де, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген басқа талаптар да көрсетiлуге тиiс.
Ескерту. 22-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2012.01.01 N 523-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

23-бап. Құрылтай шарты

1. Құрылтай шарты - коммерциялық емес ұйым құру туралы құрылтайшылардың келiсiмi, мұнда оны құру жөнiндегi бiрлескен қызмет тәртiбi, оның меншiгiне (жедел басқару) өз мүлкiн беру және оның қызметiне қатысу шарттары айқындалады. Мұнда, егер коммерциялық емес ұйымдардың жекелеген түрлерi туралы заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, коммерциялық емес ұйымның қызметiн басқару, құрылтайшылардың оның құрамынан шығу шарты мен тәртiбi де белгiленедi.
Құрылтай шартына құрылтайшылардың келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына қайшы келмейтiн басқа да ережелер енгiзiлуi мүмкiн.

2. Құрылтай шартына барлық құрылтайшылар немесе олар уәкiлеттiк берген адамдар қол қояды.

3. Қорды, жеке меншік мекемені, дербес бiлiм беру ұйымын бiр адам құрған жағдайда құрылтай шарты жасалмайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың кәсіпкерлер палаталары құрылған кезде құрылтай шарты жасалмайды.
Ескерту. 23-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.19 N 395-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 04.07.2013 № 130-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Толық ақпараттың нұсқасы: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z010000142_
...