0 дауыс
1.5k көрілді
Итмұрын тұнбасын ішсе асқазан ішек жолдарын тазартады дейді.Сол тұнбаны қанша күн және тәулігіне қанша рет ішеді.Осы тұнбаны ішіп іш-құрылысты тазартса беттегі безеулер кете ме?

1 жауап

0 дауыс

Тамақтану тәртібінің бұзылғанынан ба, әлде жасанды астың көптігінен бе, бүгінде асқазаны ауырмайтын адам аз. Мұндайда антибиотиктерді немесе дәріні жиі қолдана беруге болмайды. Оның орнына халық емі тәсілдерін қолдануды ұсынар едім.
Мысалы, гастрит кезінде талай сынақтан өткен мына бір ем түрін қолдануға болады: Алдымен қара наннан және жаңа піскен нан өнімдерінен бас тартқан дұрыс. Тек кепкен түрдегі бидай наны мен 1-2 сортты ұннан пісірілген нанды ғана пайдалану керек. «Булочка», тәтті нан-тоқаштарды аузыңызға алмаңыз. Сол секілді ет, балық, саңырауқұлақ, томат соусы, қыша (горчица), ащы салаттар мен кофе, жаңа сығылған шырындар (ол асқазан сөлін тітіркендіреді), қуырылған ет, кептірілген жеміс, бұршақ, долана, аскөк пен «петрушканы» ас рационынан алып тастауға тура келеді. Сонда немен тамақтанамыз деген сауалдың тууы орынды. Тек қана қайнатылған және су буында дайындалған тағамдарды жеген абзал. Күніне 5-6 рет аз-аздан жеңіздер. Итмұрын (шиповник) қайнатпасын ішіңіздер, оны шай секілді демдеу керек. Ал күніге ұйықтар алдында 200 грамм сүт ішу қажет.

Осыларды әдетке айналдырғаннан кейін барып шөппен емделуге кірісуге болады. Ақ сәмбі талдың (белая ива) 1 грамм қабығын, 2 грамм иіртамыр тамыры (корень аира), аққайың жапырағы, кәдімгі бүрген (калина), жаужапырақ пен қара қарақат жапырағы, 3 грамнан толғақ шөп (золототысячник) және жалбыз (мята), 4 грамм екпелі кендір дәні, 5 грамм шайқурай мен сасық шөпке (пустырник) 1 ас қасық майдаланған итмұрын жемісін термосқа салып, үстіне 500 миллилитр қайнаған су құю керек. Оны таң атқанша тұндырып қою қажет.
Таңертең оны сүзгіден өткізіп, бірдей үш бөлікке бөлу керек те, күніне үш мезгіл тамақтың алдында 20-30 минут бұрын ішу керек. Бұл емді 1,5–2 ай қабылдаған дұрыс. Табиғаттың сыйы адамның ағзасын сырқаттан біртіндеп, біржола жазып шығатынына көзім жеткен.
Ал асқазан қышқылының шамадан тыс көбеюінде кәдімгі жауынқұрттан 7 грамм алып, жуып-тазалап, шамалы суға қайнатып, таңертең-кешке астан соң ішуге болады. Бір апта ішінде оң нәтиже көресіз.

Ақпарат көзі: http://www.zamana.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=6629

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
5 жауап
Белгісіз 19.02.2013 Жануарлар сұрақ қойды
0 дауыс
2 жауап
+2 дауыс
3 жауап
...