+1 дауыс
322 көрілді

Алматы қаласында адамды саудаға салу фактісі бойынша сот үкімі шығарылды

19.06.2014 жыл
Алматы қаласы

Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотымен аз.Алимкуловқа қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 128 бабы 2 бөлігі «в» тармағы бойынша үкім шығарылды (адамды саудаға салу).

Ертеректе хабарланғандай, Түрксіб ауданының прокуратурасына бір әйелден оған белгісіз азамат тарапынан қызды пайдалану мақсатында оны 1000 АҚШ долларына сатып алу туралы ұсыныс түскендігі туралы  хабарлама түскен.

Соған байланысты, аудан прокуратурасымен адамды сату фактісінің алдын алу үшін барлық қажетті іс шаралар ұйымдастырылды. Ішкі істер Департаментінің қызметкерлерімен бірлесе  жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында Сейфуллин даңғылы мен Аймауытов көшелерінің қиылысында орналасқан «Алаш» стадионы алдында қызды ақшаға сатып алған 30 жастағы ер азамат ұсталды.

Аталған факті бойынша Түрксіб ауданы прокуратурасымен қылмыстық іс қозғалды.

«2014 жылдың 6 маусым күні соттың үкімімен Алимкуловқа қатысты мүлкін тәркілеп 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - деп хабарлады Түрксіб ауданының прокуроры Тимур Атжанов.

Осы түркісіб прокуратурасы  жақсы жұмыс жайсайдды!
Аса бір қатты мән бермесеңдер болады. Менің кейбір жазбаларым жарнама мақсатында сайтта жарияланады. :) Сайттың дамуы үшін.
жоқ менің інім сабақтан кейін жоғалып кеткенде осы түркісіб ауданындағылар 2 ақ күнде тауып берген!Сосын айтқанымғой!Мен жарнманы негіз етіп жауп бермеймінғой!
Аа жақсы керемет екен. Ия өз ісінің мамандары болуы керек.

1 жауап

0 дауыс
Қазір мұндай оқиғаға таң қалмайтын болдық қой.
...