Ғаламдық бәсекеге қабілеттілікті анықтайтын 113 айнымалы көрсеткіш бар, солардың негізгі құраушы бөлігі 12 пункттен тұрады. Атап айтқанда:
1. Институт сапасы: Мемлекеттік басқару жүйелерін айтамыз. Айталық, президент тағы, министрліктер, комитеттер, департаменттер және т.с.с. басқару және бақылау, қадағалау жүйелері. Әр институттың біз білетіндей өзіндік міндеті, ережесі, дисциплинасы мен жауапкершілігі және ерекше құқықтары бар.
2. Инфраструктура: Транспорттық қамтамасыз ету, жолдар, әлеуметтік және коммерциялық қызмет көрсету нысандары, байланыс, сумен қамтамасыз ету, электр энергиясы, жылу т.с.с. пункттер жатады.
3. Макроэкономикалық тұрақтылық: Бұл әрине бизнес дамуы үшін жасалатын экономикалық тұрақтылық ықтималдығының жоғары көрсеткіші. Айталық, бизнес дамуы өз алдына бизнесмендер мен қызметкерлердің міндеті болғанымен, кәсіпорын дамуының тұрақтылығы үшін, мемлекет беретін кепілдіктер де ескерілуі керек. Мысалы, қаржы, валютаның қаржы министрлігі тарапынан тұрақты болуын қамтамасыз етуі, кез-келген кризистік жағдайды алдын алу және болған жағдайда орнын толтыра алатын резервтік қаражат; елдің саяси-тұрақтылығы сияқты пункттерді атауға болады.
4. Денсаулық және орта білім: Қарапайым мысал, баланы туылған сәтінен бастап, дәрігерлік қадағалау дисциплинасына сәйкес, егілу паспортымен үнемі дәрігерлік қаралуда ұстау, тіс дәрігеріне белгілі бір уақыт аралығында қаратып отыру, жыл сайынғы толық дәрігерлік қаралудан өтіп, анализ тапсырып отыру, денсаулық күту, оның ішінде дұрыс тамақтану, салауатты өмір салтын ұстану. Спорттық секцияларға жазылу. Білім алу. Соңғы орта білім алу көрсеткіші бойынша, біздің елдің көрсеткіші жақсы нәтижеге ие көрінеді.
5. Жоғары білім және кәсіби дайындық: Орта білімді аяқтаған соң, кәсіби не жоғары білім алу деңгейі, біздің елде сандық түрде бұл көрсеткіш жоғары болғанымен, нақты мысалға алатын, елдің экономикасына ықпал ете алатын өнеркәсіптік компанияның атауы жоқтың қасы немесе саусақпен санарлық қана. Мемлекетіміздің экономикасының негізгі тірегі мұнай-газ, қара және түсті металлургия, уран, астық сияқты шикізаттарды экспорттау жолымен ғана күн көруде, қайтіп одан түскен пайданы берекелі жұмсау, бөлінген қаржыны игеру барысындағы нәтижелер белгілі бір сындарға ұшырап келеді.
6. Тауар және қызмет нарығының көрсеткіші: Бұл пунктте баға саясаты көп рөлді атқарады. Әсіресе, салық көрсеткіші, нарықтағы бәсекелестік көрсеткіші (яғни, бәсекелестік жоғары болса, баға төмен әрі сапа жоғары болу ықтималдығы бар), кедендік рәсімдеу, бизнес ашу және оны жүргізу бойынша мемлекет тарапынан қойылатын шектеулер мен қиындықтар деңгейі саналады;
7. Еңбек нарығының көрсеткіші: Мемлекет ішіндегі жұмыссыздар мен жұмыспен қамтылғандар көрсеткіші, жалақы деңгейі, жұмыс істеу уақыты (график), жұмыс беруші мен жұмысшылар арасындағы еңбек келісімшартының орындалу деңгейлері есепке алынады.
8. Қаржы нарығының деңгейі: Бұл көрсеткішке келесі пункттердің даму деңгейі, нәтижелілігі сияқты параметрлер кіреді, олар: кредиттік нарық, инвестиция нарығы, сақтандыру нарығы, бағалы қағаздар нарығы, валюталық нарық. Бұл пункттер ішінен өзінше жеке маңызды пункттерді және тағы қарастырады.
Развитость финансового рынка.
9. Технологиялық даму деңгейі: Кез-келген технологияның басты мақсаты, ол әрине аз шығын арқылы уақыт үнемдеп, белгілі бір нәтижеге жетуболып табылады. Сонымен қатар, технологиялық маңызды қосымша мүмкіндіктер.
10. Ішкі нарық деңгейі: Мемлекет ішіндегі өнеркәсіптік ошақтардың мемлекет халқының сұранысқа ие өнімдерімен қамтамасыз етуі, қанағаттандыра алу деңгейі
11. Компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі. Мемлекет ішіндегі компаниялардың ішкі нарықты қамтамасыз ете алу деңгейі, ішкі бәсеке мен сырттан келетін бәсекеге қарсы тұра алу көрсеткіші немесе сыртқы нарыққа шығу деңгейінің көрсеткішін мысалға алуға болады.
12. Инновациялық потенциал: Белгілі бір нәтижеге қол жеткізу үшін, белгілі бір өнім шығару үшін, кәсіпорындар шығынды азайтып, уақытты үнемдеу жолында технологиялық шешімдер, озық құрылғылар пайдаланады, өнім сапасын арттыру мақсатында лабораториялар, анализдеу, зерттеу орындарын ашады. Бұлардың түпкі нәтижесі жоғары көрсеткіш пен сапа, баға жағынан кәсіпорынның алға жылжуына алып келеді. Инновациялақ потенциал деген осы.
Қазақстан Республикасы, дәл қазір бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің 50-ші орнында тұр.
http://gtmarket.ru/ratings/global-competitiveness-index/info