0 дауыс
774 көрілді

image

Курметти достар маган Есен Елеуен туралы толык акпарат жинап бераласыздарма? Жануясы туралыда.фотолары болса жануясымен бирге тускен.сосын уялы телефон номеринде уялы телефон номерин жеке суракка жазыныздаршы..толык жауап кутем достар.... РАХМЕТ

1 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Толық аты-жөні-Елеукен Есентүгел Баймұханбетұлы (қысқаша-Есен Елеукен). Туып өскен жері-Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Карл Маркс ауылы. Негізгі мамандығы — инженер-автоматтандырушы. Әрине, бұл кісінің мамандығы КВН әлемінде кез келген мамандық иесінің өз орнын табатынын дәлелдейтіндей. Дегенмен, КВН тарихы көрсетіп отырғандай техникалық саладағы мамандардан нағыз кәсіпқой әрі сегіз қырлы КВН-шілер өседі. Есен Елеукен мырза бірден осы «Қазақстан КВН Одағын» құрып, өнерлі жастарды жинап, КВН арқылы көпшілікке күлкі сыйлай бастады десек бұл біздің тарапымыздан ағаттық болар еді. Себебі, қазіргі таңдағы мемлекеттік тілді КВН-нің деңгейі көп жылдар бойы жүргізілген жұмыстың еңбегі мен жемісі. Біздің Президент үшін КВН мектеп қабырғасынан басталып, кейін іргелі оқу ордасында өз жалғасын таба білді. Ең қызығы — бұл кісі КВН-ді орыс тілінде де ойнаған. Ал, КВН өз бастауын орыс тілінен алса да, бүгінгі таңдағы аталмыш ойынның қазақ тіліндегі нұсқасының даму дәрежесі бұл жобаның халықаралық ортақтылығын аңғартады. Сонымен, Есен ағамыз орысша КВН ойнап жүріп, орыс тілді КВН-де бастау ала бастаған «қазақи» үрдістің алғашқы «бақытты» куәгерлерінің бірі болды. Сонымен, КВН сүйер қауымға хронологиялық тәртіппен Есен Елеукеннің КВН-дегі қадамдарын баяндамақпыз: 1996-1999 жылдар аралығы — Білім мен өнердің қатар жүрген жылдары. Аспирантурадағы дәріс және орысша КВН командаларын дайындау кезеңі. Әрине, бұл жобаларда Есен мырза «қазақи» үрдісті кеңінен қолданып, дамытты деуге әбден болады. Осы жылдар ішінде «Юмакс» радиосында диджей болып жұмыс жасауы оның күннен күнге дамып келе жатқан КВН қозғалысымен қатар дамуына қолайлы мүмкіндік туғызды. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы қызметі кезінде орысша КВН ойындарына әділ қазы мүшесі ретінде шақырыла бастады. 2010 жыл — Қазіргі таңда «Қазақстан КВН Одағы» Республикалық жастар қоғамдық бірлестігі еліміздің 20 қаласынан 500-ге жуық студенттік, 1000-нан астам мектеп командаларын, жиырма мыңнан астам КВН ойыншыларының басын қосқан бірден бір ұйым. Екі жүз мыңнан астам тұрақты зал көрермендері мен 2 миллионнан астам телекөрермендері бар. Жүйелі түрде Республикалық деңгейде 7 лига жұмыс жасайды. КВН ойындары «ҚАЗАҚСТАН» ұлттық арнасының эфирінен көрсетілуде.
...